Темірланға газ берілді

Screenshot_8.jpg

Темірландықтан енді  от жағып, күл шығарып әуре болмайтын болды. Ордабасы ауданының 55 жылдығы аясында аудан орталығы Темірланда газ жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мамандары хабарлады. Барша үлкен-кіші орталық алаңға жиналып соның куәсі болды.

Аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы темірландықтарды қуанышымен құттықтап, алдағы уақытта аудан толығымен газбен қамтамасыз етілетінін айтты. Аудандық, Қажымұқан ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары Т.Әбдіқайымұлы мен І.Жүсіп газ жүйесін кіргізуге атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын жеткізді. Бұдан соң аудан басшысы Жақсылық Ергешовтың отбасында болып, газға оттық жақты.

Қуанышты сәттің шырайын орталық алаңда өткен өнерпаздардың ән шашуы мен "Кәусар" гимназиясы оқушыларының флешмобы, спорт мектебі шәкірттерінің өнері аша түсті. Арқалы айтыскер ақындар жұртшылықты жырларымен тәнті етті.

Айта кетейік, Темірланнан өзге аудандағы 57 елдімекеннің барлығында жобалау сметалық құжаттары жасалуда. Жақын арада өзге ауылдар да көгілдір отынға қол жеткізетін болады. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Темірланға газ берілді