Ауыл гүлденсе қала да гүлденеді

Screenshot_7.jpg

Түркістан қаласы облыс орталығы атанғалы бері шаһарға қарасты ауыл-аймақтар Кентау қаласына енгені белгілі. Аумағы кеңейген Кентау ауылдарды көркейтуге кірісіті.  

Таяуда Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қалаға қарасты 8 мыңға жуық тұрғыны бар Оранғай ауылының тұрғындарымен кездесті. Ең алдымен ауыл әкімі Сыздық Пірметов ауылдың әлеуметтік - экономикалық жағдайы мен алдағы даму жоспарлары жайында баяндады. Атқарылған жұмыстарға зейін салған қала әкімі Даурен Сәбитұлы әр ауылға жасалынған 3 жылдық даму жоспары барысы жайында толыққанды мәлімет беріп, ауылдың болашағы зор екенін атап өтті. Мәселен, Оранғай ауылынан экономикалық аймақ салынады. Ол жерге бірнеше кәсіпорындар салынып, жұмыс көзі артатын болады. Сондай-ақ қала әкімі "Оранғай ауылы қалаға айналады" - деп атап өтті. Ол үшін ауылға инфрақұрылым жұмыстары жүргізіледі. Толыққанды жарықпен қамтылылып, кәріз жүйесі орнатылатын болады.

Бүгінде Оранғай ауылы 3 елді-мекеннен тұрады. Ауыл округі бойынша 181 шаруа қожалық, мемлекеттік мекемеде 484 қызметкер жұмыс атқарады. 87 азамат жеке кәсібін ашқан. Оранғай ауылдық округінің экономикалық жағдайының арттында бірнеше кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар:«Тас жол» ЖШС – гпс, асфальт. «Майшай су»ЖШС, «Кас-Ай»- ЖШС, "Досан Ата" ЖШС –дайын бетон,

2019 жылы дайын бетон шығаратын тағы бір «Фахри Строй бетон» ЖШС іске қосылған. «Яссы құс» құс фермасы,»Әл-береке» ауылшаруашылық өнімдерін өндейтін цех, 20 тн көкөніс сақтайтын қойма жұмыс істеуде. Жиында ауыл тұрғындары жарыс сөзге шығып қала әкіміне өз ұсыныс-пікірлерін жолдады. Көтерілген мәселелер, ауылда жылдан жылға халық саны артып, мектеп жасындағы балаларға жаңа білім ордасы қажет екенін атады. Сонымен қатар, жол, жарық жайыда сөз болды. Тұрғындардың өтініштеріне назар салған қала әкімі Даурен Махажанов бүгінде "Ауылым-алтын бесігім" бағдарламасы аясында көптеген ауылдың әлеуеті артататын тілге тиек етіп, сол бағдарламаға Оранғай ауылы енгізілгенін хабардар етті. Сол бағдарлама аясында ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері толықтай шешімін табатынын айтып, ауылда ауқымды жұмыстар жүзеге асырылатынын атап жиынды қорытты.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ауыл гүлденсе қала да гүлденеді