26 жаңа мектеп салынады

Screenshot_7.jpg

Бала туу көрсеткіші жоғары Түркістан облысында мектеп мәселесі өзекті. Биыл өңірімізде 4 апатты және 4 үш ауысымды мектептің мәселесі оң шешімін табатын болады. Ал, жаңа оқу жылында 26 білім беру ұйымының оқушылары жаңа мектептің табалдырығын аттамақ.

Сала мамандарының мәліметіне сүйенсек бүгінде тұран даласында 68 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың барлығының да қаржы мәселесі шешілген. Арасында іргетасы өткен жылы қаланған білім ошақтары да бар. Қазір барлық нысандарда жұмыс белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бұйыртса бәрі өз мерзімінде бітеді деген жоспар бар. Тіпті облыс орталығы Түркістанда еңсе тіктеп жатқан 900 орындық мектеп құрылысы мерзімінен бұрын пайдалануға берілуі мүмкін. Ал, қалғандары өз уақытында тапсырылады. Сонымен қатар биыл облыста өрт оқиғаларының алдын алуға арналған арнайы ғимарат салынабақ. Ол үшін бүгінде облыстық бюджеттен  қаржы қаралып отыр. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек тілсіз жаудың алдын алумен айналысатын орталық Төлеби ауданының орталығында бой тіктейтін болады.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 26 жаңа мектеп салынады