Алматыда медицина қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырған аурухананың бас дәрігері қызметінен кет

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

news_full1586918268e18608a251263116fbad82496cda3d13.jpgБір тәулікте аталған аурухананың 110 дәрігерінен коронавирус табылған. Қазіргі таңда аурухана карантинге жабылған.

Ал жұмыстан өз еркімен шығуға өтініш берген бас дәрігердің әріптестері оны қайтаруды талап етті.

Бұған дейін коронавирус жұқтырған дәрігерлердің президентке жазған хаты әлеуметтік желілерде пайда болды. Олар Алматының бас санитарлық дәрігерінің сөзіне шағымданды. Сонымен қатар, жағдайды дұрыс тексеруді сұрады.