COVID-19: АҚШ тағы да өлім-жітім рекордын жаңартты

АҚШ тағы бір күнде COVID-19 өлім-жітім саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Baq.kz  ақпарат агенттігі.

15c4396f1ebeda43425da2cb9d9b3d99.jpeg

Агенттіктің хабарлауынша, АҚШ-та бір тәулікте 2364 адам коронавирус ауруынан қайтыс болған. Джонс Хопкинс университеті өз кезегінде елде 2228 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Агенттіктің мәліметі бойынша АҚШ-та 30,8 мыңнан астам адам коронавирустың құрбаны болды.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта АҚШ-та COVID-19 коронавирустық инфекциясының 636,350 жағдайы расталды, 28 326 адам қайтыс болды.

Америка Құрама Штаттары екі көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орында