Биыл денсаулық сақтау саласына қатысты 3 заң қабылданады -министр


Screenshot_13.png

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның 2022 жылдағы негізгі міндеттерін атады.

«2022 жылы денсаулық сақтау жүйесінің алдында мынандай бірқатар басым міндеттер тұр.  Олар: ҚР Биологиялық қауіпсіздігі туралы, Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заңдарды қабылдау, Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау, Қылмыстық түзету жүйесіндегі мекемелердің медициналық қызметін Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру туралы заңды қабылдау. 

Сондай-ақ, «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру міндеті бар», -деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында. Сондай-ақ ведомство басшысы медициналық мамандықтардың шәкіртақысы 30 пайыз артатынын мәлім етті. 

«Медциналық саладағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 30 пайыз, гранттардың құны 43 пайыз артты. Аса тапшы мамандықтар бойынша гранттар саны өсті. Осы жылдан бастап медицина, педиатрия және стоматология мамандықтары бойынша үздіксіз интегерацияланған білім беру жүйесі енгізілуде», - деді Ажар Ғиният.