Шардара: Коронавирусқа қарсы 16 мобильді топ жұмыс жасайды

Коронавирус жағдайы туралы Ресми

Шардара ауданында коронавирусқа  қарсы оперативті жоспар даярланды. Алдын ала жасалған дайындықтар аудандағы ахуалды бірқалыпты жағдайды ұстап тұр.

Аудан ауруханалары дезинфекциялық ертінділермен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, жеке қорғаныс құралдарымен және дәрі-дәрмектер қорымен жабдықталған.        

 «Шардара аудандық орталық ауруханасы» тарапынан  қалалық емхананың аймақтары  мен әр ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда 16 мобильді топ құрылған. Мобильді топ құрамы терапевт, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік  дәрігерлерден және мейіргерлерден құралған. Мобильді топ (дене қызуы, тыныс алу жиілігін, пульс, қан қысымын, ентігу, жөтел, кеуденің ауырсынуы, иіс сезбеудің бұзылуы, жүрек айну,құсу т.б) басқа да  симптомдары бар, қауіпті топтағы «Д» есепте тұрған қант диабеті,  ИБС т.б. науқастарды анықтау мақсатында аула аралау  жұмыстарын атқаруда. Үй карантиніндегі  науқастарға телефон шалу арқылы бақылау жүргізіліп жатыр. 

Аймақтық дәрігерлердің, мейірбикелердің аула аралау жұмыстары күшейтіліп, жедел респираторлы вирусты инфекцияның және коронавирусты ерте анықтау және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.