Қаламдарыңыз мұқалмасын, журналистер қауымы!

13.jpg

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт 28 маусым - бұқарлық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай БАҚ саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды құттықтады. 

        -Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде қасиетті Түркістан өңірінде 80-нен астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның ішінде 6 телеарна ұжымы жұмыс атқарады. 

Осы бұқаралық ақпарат құралдары елімізде жүзеге асып жатқан реформаларды, облыс көлемінде, ауданда болып жатқан жағымды жаңалықтарды халыққа кеңінен тарата отырып, игілікті істердің жүзеге асуына атсалысуда. 

Ауданымыздың қоғамдық-саяси мәселелерін, тартымды да қызықты мақалаларыңызбен, салмақты да орнықты ойларыңызбен көпшілік көкейіндегі мәселелерді көтеріп жүрсіздер. 

«Газет халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» (А.Байтұрсынұлы) екенін ескерсек, тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуына қаламы қарымды журналистер де сүбелі үлес қосып келеді. 

Әрдайым еліміздегі игі істердің, бастамалардың басында журналист қауымы табылатынына сенімдіміз.

Қадірлі қаламгерлер!

Қаламдарыңыз мұқалмай, әрқашан егеменді еліміздің қарыштап дамуына, өркендеуіне қызмет ете беріңіздер. Халықтың рухани байлығын арттыру жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, шығармашылық табыс тілеймін,-делінген аудан әкімінің құттықтау хатында.