«Дені сау ұрпақ –ел болашағы»

14.jpg

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен бұқара халықтың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және мемлекеттік қызметкерлер мерекесіне орай «Дені сау ұрпақ –ел болашағы» атты ұранмен веломарафон ұйымдастырылды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Игі шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Сөреде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген аудан тұрғындарына алғысын білдіріп, бүгінгі марафонда сәттілік тіледі.

Веломарафон ұзақтығы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, 30 шақырымды құрайды. «Жеті қазына» аллеясынан бастау алып, Жаскешу ауылында мәресіне жетпек. Шара барысында барлық қауіпсіздік шаралары ескеріліп, арнайы полиция жасағы мен медицина қызметкерлері бекітілген. Жеңімпаздарға тиісті жүлделдермен марапатталады. 

Осындай игі-іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында саламатты өмір салтын ұстануды насихаттау. Былтыр халыққа арнраған Жолдауынджа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Өскелең ұрпақтың спорттық және шы¬ғар¬машылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет,-деп атап өткен болатын. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Дені сау ұрпақ –ел болашағы»