Түркістан облысында қолжетімді спортқа көп көңіл бөлінуде

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауылды елді мекендердің тұрғындарына да дене шынықтырумен айналысуға спорт үйірмелерінен бөлек спорттық жаттығу алаңшаларының да қолжетімді болуы керектігін атап тапсырды. Өйткені спорт әлемдік ареналардағы жетістіктерден бұрын ел азаматтарының денінің саулығын қалыптастыру кепілі, саламатты өмір салтының негізі. Ал, осынау Жолдау жүктеген міндеттемелердің жүзеге асуы өңір басшысының бақылауында. Бұл бағытта облыс аумағында ұялмай ауыз толтырып айтуға болатындай атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік.

image.png

Түркістан облысының əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға күш салынып келеді. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы арқылы балалар футболының өркендеуіне ерекше назар аударылып жатыр. Мысал ретінде Келес ауданында бес кіші футбол алаңының құрылысы жүргізіліп жатқанын айтуға әбден болады. Қазіргі таңда Біртілек, Бесқұбыр елді мекеніндері мен Ақтөбе,

Бірлік, Бірлесу ауылдық округтерінде жаңа типтегі кіші футбол алаңдары салынуда.

Футбол алаңшалары күз мезгілінің оортасынан ауа, қыркүйек айының соңына таяу ел игілігінне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жауапты мердігер мекеменің атқарып жатқан жұмыстарының сапасы Келес ауданы әкімдігінің және осыған жауапты тиісті сала мамандары тарапынан жіті бақылауда.

Одан бөлек, Келес ауданда туған жерді түлетуге үлес қоссам деген жеркілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен елді мекендерде футбол алаңдары мен жаттығу, ойын алаңшалары салынып жатыр. Аудан аумағындағы орталық стадион да қайта реканструкциядан өткізілу үстінде. Оған қоса Ұшқын ауылдық округіндегі футбол алаңы да жаңартылды.