5 жасында балалы болды

Screenshot_1.jpg

Лина Медина  - 5 жасында дүниеге ұл әкелген жер бетіндегі  ең жас ана. Медицина тарихындағы таңқаларлық оқиға 1939 жылы Перуде болған.  

    Лина күннен күнге толып, іші өсе бергесін  ата-анасы дәрігерге тексертеді. Ақ халаттылар алғашқы кезде қатерлі ісік деп болжайды. Сөйтсе кіп-кішкентай қыздың жатырында 7 айлық  шарана дамып жатыр екен. Бұл жаңалық перуліктердің ғана емес бүкіл әлемнің жағасын ұстатты. 

  14 мамырда доктор Херардо Лосада бастаған топ Линаға кесерь тілігін жасап, аман-есен босандырып алады. Сәбидің салмағы 2,7 келі. Есімін дәрігердің құрметіне Херардо деп атайды. Денсаулығында еш ақауы болмаған. Балақай 10 жасқа дейін анасын әпкесі деп санап келген. Линаның ұлы 40 жасында жілік майы дертінен қайтыс болады.  

     Әлемдегі ең жас ананың ерте жүкті болғанын медицина мамандары жыныстық мүшелерінің ерте дамығандығымен түсіндіруде. Ал Лина өмірінің соңына дейін  баланың әкесі туралы жақ  ашпай кетті. Атышулы оқиғадан кейін полиция әлдебір еркекті кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген айыппен қамауға алғанымен дәлелдің жеткіліксіздігінен қайта босатып жіберген.  


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 5 жасында балалы болды
Кейінгі: Көптеген