Ақ халаттылар көпбалалы аналарға сый жасауда

3c63ecf0-c828-4c84-984f-3b45f8a8ebeb.jpg

Түркістан облысының барлық аудандық емханаларында көпбалалы аналар үшін "Ашық есік" күндері өтуде. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен қолға алынды. Дәрігерлер көпбалалы аналарды ақысыз медициналық тексеруден өтіп, медициналық сараптамалардан өтуге шақырады. Бүгін “Ашық есік” күні Бәйдібек ауданындағы емханаларда өтіп жатыр. Жиналған аналар мерекелік көңіл - күй сыйлап, 

ақ халаттыларға алғыстарын ақтаруда. 

Тексерілуге келген аналардың ішінде екеуінен “Сүт безі қатерлі ісігі” бойынша күдік анықталып, алдағы уақытта жан - жақты сараптама жүргізілетін болды. Диагноз дәлелдеген жағдайда, оларға толық ем - дом көрсетіледі. 


Көпбалалы аналарға 

-Акушер-гинеколог

-ЛОР

-Эндокринолог

-невропатолог

-онколог-маммолог

-кардиолог

-психолог

-травмотолог

-ЗОЖ мамандары қабылдауда. 


Дәрігерлердің қабылдауынан өткен әйелдер зертханалық сараптамалар жасатып, диагностикалық зерттеулер мен  профилактикалық кеңестер алуда. 

Осыған дейін “Ашық есік” күндері Түркістан, Ленгір қалалық, Сарыағаш, Арыс, Шардара, Түлкібас, Жетісай, Төле би аудандық орталық ауруханаларының емхана бөлімінде өтті. Емдеу орталықтарында жоспарланған ана мен бала денсаулығын жақсарту және медициналық қызметке қол жетімділікті арттыру мақсатында ауқымды шаралар өтіп жатыр. Медициналық және әлеуметтік психологиялық көмек жүздеген көпбалалы анаға жалпы тәжірибелі дәрігер, гинеколог, психолог, невропатолог, педиатр, хирург, травматолог-ортопед мамандары қабылдап, ем көрсетуде. 

Түркістан облысының барлық аудандық емханаларында көп балалы аналар кезектен тыс қабылданады, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі негізінде дәрігердің нұсқауымен дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етіледі. Әрбір аудандық ауруханада арнайы палаталар жұмыс істейді.