Шара барысында жастарды кітап оқу үлкен қазына екенін айтып, кітап оқуға шақыра отырып, Абайдың қара сөздеріне тоқталып мән-мағынасы бойынша ой - пікірлерін ортаға салды.
Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы және «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты кездесу өтті.
Аталмыш сайыстың мақсаты – Тәуелсіздік жолында қазақ халқының басынан өткерген тарихи оқиғаларына сыйластық және құрметпен қарап, Республика тарихына дұрыс түсінік пен шынайы көзқарасты қалыптастыруда студенттердің бойында патриоттық рухын тәрбиелеу.