Сапасы төмен жарамсыз өнімдерден сақ болайық

Screenshot_14.jpg

         Өнімдер бәсекелестігінде баға және сапа маңызды рөл атқарады.   Сондықтан өнімнің сапасын қамтамасыз ету мәселесі кез-келген өндіріс пен өндірушінің назарында болу керек.

  Көп жағдайда сапа сөзіне келгенде өнімдерді бақылау, сынау дегенмен шектеліп жатамыз. Алайда сол өнімнің сапасына оның барлық әзірлену технологиясы тікелей байланысты.

Сапасын бақылау – өлшеу, сынау, бір және бірнеше сипаттамаларын бағалау операцияларының жиынтығы және алынған нәтижелерді орнатылған талаптармен салыстыру.

Сапаны қамтамасыз ету – сапа жүйесі аясындағы жоспарланған және жүйелендірілген, сонымен қоса сапа талаптарының барлығына сай келетіні расталатын қызмет түрлері.

Өнім қауіпсіздігі – өнімнің қызметі немесе жарамдылық мерзімі арасында адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмейтіндей өнім құрамы.

Өнімдерді жеткізу кезінде сапасын жəне қауіпсіздігін қамтамасыз ету 1.60-2006 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартымен орнатылады. Стандартқа сәйкес, өнім (қызмет) сапасы мен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік конструкторлық жұмыстарды жүргізу, өнім жəне қызмет кезеңдерінде қалыптастырылады жəне нормативтік жəне (немесе) техникалық   құжаттамада техникалық сипаттамалар түрінде белгіленеді.

 Өнім сапасы мен қауіпсіздік деңгейін, сонымен қатар жеткізушіні таңдау тұтынушы үшін қолжетімді басқа шетелдік мемлекеттердің өнім каталогтарына сəйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген өнім каталогын, рынокты талдаумен қамтамасыз етіледі.

Тұтынушы талаптарына ұсынылған өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің сəйкестігіне дəлелдеме алу өнім сапасын куəландыратын құжаттарды өнім жеткізушісі мен ұсынылған зерттеулерге негізделеді олар өнім сапасы жəне (немесе) қауіпсіздігі сертификаттары мен төлқұжаттары, сəйкестік сертификаттары, өнімді қабылдау актілері, пайдалану жəне (немесе ) жөндеу құжаттамалары.

Күмəн болған жағдайда, сондай-ақ, егер жеткізуші дайындаушы болып табылмаса, ал сауда фирмасы техникалық реттеу аясындағы нормтивтік құқықтық актілерде, стандарттарда, басқа нормативтік жəне техникалық құжаттарда жəне (немесе) шетелдік өнімдерді жеткізу келісім шарттарында белгіленген сəйкестендіру көрсеткіштеріне сəйкестігіне тексеріледі.

Тамақтану ұлт денсаулыған анықтаушы маңызды фактор болып табылады. Дұрыс тамақтау балалардың қалыпты өсіп жетілуіне , аурудың алдын алуға, жұмысқа деген қабілеттілікті арттыруға, жағдай туғызады. Сондықтан біз, сапалы да қауіпсіз өнімді қалай таңдайтынымызды және оны қандай құжат растайтынын білуіміз қажет.


Г.Тышканбаева, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы

 ТКҚСҚББ-ның бас маманы