Тырысқақ – аса қауіпті ауру

Screenshot_7.jpg

Тырысқақ — ішек-қарынның жұқпалы ауруы. Ішек-қарынның басқа жұқпалы ауруларына қарағанда, бұл адамды тырыстырып тастайтындықтан «тырысқақ» деп аталған. Бұл ауру жер-жерге тез тарап, адамдарды қырғынға ұшыратады.

Тырысқақтың басты белгілері қандай?

Бұл ауру әртүрлі болып келеді, олардың көбі кәдімгі іш өтіп ауырған тәрізді. Кейде іш жеңіл-желпі өтеді, адам әлсірейді, жүрегі айнып, лоқсиды. Арада 2-3 күн өткенде тәуір болып кетеді. Егер оны уақтылы біліп, тексеріп, жұрттан бөлектемесе, төңірегіндегілерге жұқтырады. Ал тым ауыр түрінде іш өтеді, құсады, дене тырысады, сусыздану нәтижесінде организм тез солып қалады.

Балалар мен егде тартқан адамдарға диагноз қою әлдеқайда қиын. Балалардағы аурудың бірден-бір белгісі — олардың ішінен сұйық зат көп өтеді, бұл кезде баланың халі нашарлап жатады. Ересек адамдарда тырысқақ ішті жеңіл-желпі өткізеді. Егер сол мезетте ауруханаға жатқызбаса, қарттар да, балалар да тырысқақ ауруын жұқтыра береді.

Тырысқаққа шалдыққан адамдарды антибиотиктермен, бактериофагпен және хлорлы натрийді көктамыр ішіне енгізу жолымен емдейді, бұған қоса басқа да емдік шаралар қолданылады. Қазіргі емдеу әдістері өзінің тиімді екенін дәлелдеп отыр.

Тырысқақ қаупі төнген тұрғындар тазалық сақтауы тиіс. Жеміс-жидектерді әбден жуып, ыстық суға аптап алуы қажет. Суды да, сүтті де тек қайнатып ішкен жөн. Тамақтанар алдында қолды міндетті түрде сабындап жуу керек.Жаз айларында ашық суаттарға немесе бассейндерге суға түскен кезде арнайы белгіленген түскен абзал.Ашық су көздерінің тұрақты түрде залалсыздандырылуы тиімді. Өзен,көл ,суларын кәріз суларымен ластамаған жөн.



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Тырысқақ – аса қауіпті ауру