Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өту туралы

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығы  мен өмірінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы N 685-бұйрығына ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 №995-бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда көрсетілгендей адамдар нысаналы топтар арқылы алдын ала медициналық қарап-тексерулерден тегін өтуі тиіс.

Бұйрықтың негізінде жататын нысаналы топтарына қарай адамдар профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден тіркелген емдеу-профилактикалық мекемеде өтеді:

18 жасқа дейінгі балалардағы ауруын;

30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша скринингтен өтетін әйелдер мен ерлерде мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға, оның ішінде жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдерде жатыр мойны обырын;

Глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдерде глаукоманы;

Сүт безінің қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдерде сүт безінің обырын;

Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдерде колоректалдық обырды ерте анықтайды.

Сондай-ақ, артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдерде осы ауруларды ерте анықтау үшін профилактикалық медициналық қарап-тексереді.

 А.Тұрымбетова, Шымкент қаласы Тауарлар 

мен көрсетілетін қызметтердің 

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

 департаментінің бөлім басшысы