Балалар денсаулығы - біздің қолымызда!
Тұмау – үнемі өзгеріп тұратын вируспен шақырылады, ол респираторлы ауру түрінде өтеді? Адамнан адамға ауаөтамшылы жолмен беріледі, сонымен қатар түшкіру мен жөтелу кезінде қолымызды жапқан кезде қол арқылы берілу мүмкін.
⦁ Тұмаудың белгілері: жоғары температура, жөтел, тамақтың ауруы, бастың ауруы, тез шаршау және т.б. Балаларда тұмау әртүрлі өтеді: біреулері тез шаршап, ұйықтай береді, басқалары мазасызданып, температуралары 37-38 градусқа көтеріледі, тыныс алулуры бәсеңдейді.Тұмаудан кейін ең жиі кездесетін асқыну ол екіншілік бактериалды пневмония. Сонымен қатар тұмау созылмалы ауруларды (демікпе, бронхит) , жүрек қан тамырлар жүйесінің (миокардит, буйрек жетіспеушілігіжәне эндокринді бұзылыстарға (қант диабеті) өршігуіне әкелуі мүмкін.
⦁ Халық арасында айлық өткізу мақсаты: ммунизация жүргізу қажеттілігі туралы ата-аналарға хабарлау, бас тарту салдарынан болатын қауіп-қатерге назарларын аудару, ЖРВИ және тұмаудың профилактикасы мақсатында ата-аналар жауапкершілігі жөнінде ескерту.
1. Профилактиканың ең сенімді және тиімді әдісі – егу:
⦁ заманауи тұмауға қарсы вакциналар қауіпсіз және тиімділігі жоғары;
⦁ тұмауға екпе жасату арқылы, сіздер аурудан болған асқынудан қашасыздар;
⦁ эпидемиологиялық мезгіл (қазан, қараша) басталғанша екпені жасату керек;
⦁ екпенің алдында дәрігердің қарауы және кеңес беруі міндетті.
2. ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының эпидемиологиялық мезгілі кезінде профилактикалық шаралар:
- жақсы тамақтану және жеткілікті ұйықтау, таза ауада көп уақыт өткізу, дем алу мен оқу тәртібін сақтау;
- ұйымдасқан шаралар өткізетін және адамдар көп жерлерге бармау;
- қол гигиенасын сақтау. Қолды сабындап 20 секунд жуу, әсіресе ортақ заттарды пайдаланғаннан соң және жөтеліп түшкіргеннен кейін;
- баларды орамалға немесе қолға жөтелу мен түшкіруді уйрету;
- баланың денсаулығын бақылау: дене қызуын және басқа белгілерін тексеріп тұру;
- бөлмені желдетіп, ылғалды жинауды ұйымдастыру.
К.А.Тажекова, Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі