Жолаушылар тасымалдайтын көліктерге қойылатын талаптар

Screenshot_7.jpg

Адамзат баласының жылдам дамуы ашылып жатқан жаңалықтардың бірден-бір дәлелі, бүгінгі таңда жаңа көлік маркасымен ешкімді таңдандыра алмайсың.Заман талабына сай авто көліксіз бүгінгі таңда істі жүзеге асыру да қиын.

Алыс бармай-ақ қала аралық жолаушы тасымалдайтын көліктерге тоқталайық. Әрине, тиімді жағына ешкімнің де, дауы жоқ, дегенмен кері әсері де жеткілікті. Көлікті пайдалану барысында уытты газдың әсері тек қоршаған ортаға ғана емес адам ағзасына да кері әсерін тигізеді. Сондықтан көліктен бөлінетін уытты газ автобус салонына емес, сыртқа шығуын қамтамасыз ету керек.Сол себепті жыл сайын өтетін техникалық байқаудың сапалы өтуі жүргізушіге ғана емес жолаушыларға да маңызды.

Бұл біріншіден, екіншіден бүгінгі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жаңа короновирус COVID-19 пандемиясын жариялауына байланысты ҚР Президентінің жарлығымен 2020 жылдың 16 наурыз сағат 08.00-ден 15 сәуір сағат 07.00-ге дейін төтенше жағдай енгізіліп, автобус салоны көбіне ауа арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың таралуына қолайлы орын болғандықтан көлік қозғалысының оңтайлы жағдайларын тудыратын техникалық құралдардың: жылытқыштың, желдеткішкіштің, ауаны салқындатқыштың, барлық кезеңде жұмыс істеп тұруы мен соңғы аялдамада залалсыздандыру құралдарын пайдаланып тазалау жұмыстарын жүргізу, көлік жүргізушілердің және кондукторлардың жеке бас және өндірістік гигиенасының сақталуы арнайы киімдермен, қорғаныш бетперделермен, қолды өңдеу заттарымен қамтамасыз етілуі қажет екендігі мен оның орындалуы атап көрсетілген.

Мұнымен қоса көлік қозғалысы барысында жарақат алғанда немесе жолаушылардың денсаулығына байланысты келеңсіз жағдай туындағанда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық қобдиша қажетті дәрі-дәрмекпен толтырылып, қолдану мерзімінің бітуіне орай ауыстырылып, жүргізуші кабинасында сақталынуы керек.

Қала көліктерінің тазалығы, жолаушылардың денсаулығы тек көлік иесіне ғана емес, жолаушыларға да тікелей байланысты. Міне, сондықтан қала көліктерінің тазалығына, жеке бас гигиенасының сақталынуына, эстетикалық көрнісінің жоғарғы деңгейде болуына бірлесе ат салысайық.


 Е.Рысқұлов, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы

тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

басқармасының басшысы