БЦЖ балаға қауіпті ме?
Кальмета-Герен Бацилласының вакцинациясы-жаңа туған нәрестенің организмінде туберкулезге қарсы иммунитетті қалыптастыратын екпе.
Кальмета-Герен Бацилла екпесі балалар үшін міндетті вакциналардың бірі болып табылады, жаңа туған нәрестелерге өмірінің 1-4 күнінде перзентханаларда медициналық қарсы айғақтар болмаған кезде жүргізіледі. Ол туралы елімізде көптеген әртүрлі асқынулар туралы әңгімелер тараған. Оларды тыңдай отырып, көптеген ата-аналар өздеріне жауапкершілік алады және осы вакцинациядан бас тартады.
Бұл туберкулезге қарсы вакцина, ол тірі, бірақ сиырдың әлсіз туберкулез таяқшасының штаммынан дайындалады.Ол адам үшін қауіпсіз, себебі жасанды ортада арнайы өсіріледі.
БЦЖ-ның негізгі мақсаты туберкулезді алдын алу, ағзадағы жасырын инфекцияның ашық ауруға өтуінен қорғайды және аурудың ауыр түрлерінің атап айтқанда туберкулезді менингиттен, өкпе туберкулезінің қауіпті формаларының дамуынан қорғауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарды мазалайтын екінші мәселе БЦЖ екпесін жаңа туған нәрестелердің қай жеріне жасайды және бұл қауіпті ма?
Екпенің әдеттегі орны - сол иықтың сыртқы жағы, жоғарғы және ортаңғы бөліктің қиылысқан шекарасына, тері ішіне енгізіледі. Жаңа туған нәрестелерге БЦЖ екпесі туралы барлық ақпарат ата-аналар үшін ашық, әрі қол жетімді болса да, бүгінгі таңда одан бас тарту әлі де көп. БЦЖ туберкулез таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетеді және жұқтыру кезінде аурудың жеңіл түрде өтуіне мүмкіндік береді және туберкулез кезінде өлімге жол бермейді. Ата-аналарға қажетсіз уайымдамау керек!
Кальметта-Герен Бацилласының вакцинасын еккеннен кейін папула пайда болып, кейін сорылып кетеді, вакцина енгізілген жерде қызару болады, бірнеше айда екпе орнында ортасында ірің пайда болады. Ол бірте-бірте қабықтанады, оны жұлып алуға, оған ешнәрсе жағуға болмайды, кейін ол өздігінен сорылып, екпенің орны тартылып, қабыршық пайда болады, ол өз бетімен түлеп, орнында тыртықша түзіле бастайды. Аталған реакциялар қалыпты болып саналады және қандай да бір дәрілік заттармен емдеуді қажет етпейді.
Әсіресе, ата-ананы екпе орнында пайда болған ісік қорқытады. Дүрбелең басталады, егер БЦЖ екпесі вакцинациядан кейін біраз уақыт өткеннен кейін іріңдесе не істеу керек туралы білмейді. Сондықтан, егер БЦЖ екпесі орны іріңдесе, қорқудың қажеті жоқ - бұл сіз оған дұрыс күтім жасамағаныңыз, немесе баланың денсаулығына байланысты қандай да бір кері әсерінің бар екенін білдірмейді.
Сондықтан құрметті ата-аналар балаларымыздың иммунитетін жоғарлатып, келешекте туберкулез ошағының туындауына жол бермейміз!
Бала денсаулығын туберкулез микобактериясынан қорғайық, алдын алайық!
Н.ӘЛМЕН, Түркістан облысы
Қоғамдық Денсаулық Басқармасының
«Облыстық фтизиопульмонология орталығының»
балалар-жасөспірімдер бөлімінің фтизиопедиатры