Тырысқақ– аса қауіпті жұқпалы ауру

Screenshot_2.jpg

Тырысқақ ауруының қоздырғыштары «вибрион» атауымен белгілі. Тырысқақ ауруының кеңінен екі түрі анықталған. Бірінші түрі негізгі азиялық тырысқақ (классическая азиатская холера), екіншітүрі Эль-Тор тырысқағы (холера Эль-Тор). Аурудың екі түрінің көзге көрінерлік айырмашылығы жоқ, адам өміріне қауіпі бірдей деугеболады: Тырысқақ қоздырғышы ұзақ мерзімге дейін адам денесінен сырт жерлерде өмір сүруі мумкін. Қоздырғыш ашық су қоймалары мен теңіз суында бірнеше айға дейін, қайнамаған суда 25 күнге дейін тіршілігін жоймайды. Əсіресе иірім суда, монша суы жиналған жерде 106 күнге дейін өмір сүреді. Ылғалды бау-бақшадағы топырақта 75 күнге дейін тіршілікке қабілеті болады. Ауру адамның нəжісі тиген іш киім бедерінде бірнеше аптаға дейін өміртіршілігін жоймайды. Тырысқақ қоздырғыштары көкөніс-жеміс тағамдарында 7 күн, сары май, сүт, балмұздақта 14 күн, сүзбе, шикі етте 7 күн, тұздалған етте 21 күн, нанның қабығында 7 күнге дейін тіршілік қабілетін жоймайды.

Дезинфекциялық дəрілерге тырысқақ қоздырғышы өтесезімтал келеді. Тырысқақ қоздырғышы ауру адамнан сау адамға əртүрлі жолмен жұғады. Тырысқақпен ауырған адам лас қолмен азық-түлікке араласып тағам дайындаса, үй мүлкін ұстаса қоздырғыштар адамның асқазанына түсуіне үлкен жағдай туады. Əсіресе ауру адамды күтушіге аурудың жұғу қауіпі өте үлкен. Тырысқақ мұнымен қатар, сау адамға осы аурудың қоздырғышы түскен су арқылы да, көкөніс, жеміс тағамдары арқылы да жұғады. Дайын тағамдар шыбын арқылыда тырысқақ қоздырғышы мен ластанатынын əруақытта есте ұстау керек. Қоздырғыш адам денесіне енгеннен кейін аурудың алғашқы белгісі білінгенше бірнеше күн өтеді (аурудың астыртын мерзімінің ұзақтығы бірнеше сағаттан- 6 күнге дейін). Аурудың алғашқы белгісі жиі-жиі іш өтіп, құсу, нəжістің сұйылып, бірте-бірте табиғи түсін жоғалтуынан басталады. Аз уақыттың ішінде нəжіс түсі мүлде өзгеріп, күріш суына ұқсайды. Науқас бірте-бірте əлсізденіп, басы айналып, аяқ-қолының бұлшық еттері тартылып, (ағзаның көп мөлшерде сұйықты жоғалтқандығынан) денесі қалшылдайды.

Əрдайым ауру адамның дене қызуы төмендейді. Тырысқақ ауруынан сақтану үшін өте жеңіл де аса мəнді мындай ережелерді есте сақтау керек: -егер ішіңіз өтіп, құсып, қызуыңыз біркелкі я болмаса əдетті қалпынан төмендесе өз бетіңізбен дəрі-дəрмек ішпей, дереу дəрігер шақыртыңыз. Уақытында алған дəрілік көмек-өз өміріңіздің жəне жанұя мүшелерінің денсаулық қабілетін жоғалтпауға үлкен себеп; -қолды таза ұстап, тамақ алдында жəне дəретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу- тырысқақ ауруын болдырмайды.

- шикі су, қайнамаған сүт, сырты жуылмаған көкөніс, жеміс тағамдарын өздеріңіз де, балалар да жемеуді үйреншікті əдетке айналдыру керек; -үй-ішін, ыдыс-аяқ, аула-қораны таза ұстап, шыбынды жойып тазалық сақтау тырысқақ ауруын болдырмаудың басты шарты екенін əруақытта естен шығармау керек.


 Н.Рабат, Шымкент қаласы Әл-Фараби

ауданы ТКҚСҚБ басқармасының

бас маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Тырысқақ– аса қауіпті жұқпалы ауру