Ордабасы: Аудан әкімі: «Еркінсуге әлі ерте»

image.png

Бүгінде елдегі жағдай толығымен бақылауда. Карантин режимі жақында тағы да 2 аптаға ұзартылып, тамыз айының ортасына дейін созылатын болды. Дегенмен де ел аймақтарының басшылары еркінсуге болмайтынын, талап сақталуы қажеттігін ескертуде.

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мобильді топ жетекшілерімен жиналыс өткізіп, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша атқарылған жұмыс барысын саралады.

Тұрғындарға сақтық шараларын түсіндіру, насихат жұмыстарын күшейту мәселелері қозғалып, ескертуге немқұрайлы қараған азаматтарға шара қолдану қажеттігі ескертілді.

"Ауру екпіні төмендегенімен, әлі жойылған жоқ. Сондықтан еркінсуге әлі ерте. Талап баршаға ортақ. Жұмыс қарқыны бәсеңдемеуі тиіс" - деп, аудан басшысы мобильді топ жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.