Ордабасы: Мониторинг тұрақты жүргізілуде
Ордабасы ауданындағы дәріханалардың қызметі тұрақты бақылауда.
Аудандық штаб жанынан құрылған 3 мобильді топ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығына сәйкес, дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру мақсатында мониторинг жұмыстарын жүйелі жүргізуде.
Бүгінге дейін аудан аумағында дәріні негізсіз қымбат сатудың 3 дерегі анықталып, тиісті мекемеге ұсыныс жолданды.