Отбас тәрбиесі - қоғам айнасы
Төлеби аудандық аурухананың басшысы Қарлығаш Омарованың ұйымдастыруымен келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында,"Күйзелістің алдын алу, Ерте жүктіліктің алдын алу, Зорлық зомбылыққа жол жоқ және Отбасындағы тәрбие" туралы психо-профилактика бөлімінің психолог мамандары мен әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен "Тәрбие отбасынан басталады" атты Сарқырама ауылдық мәдениет үйінде орналасқан Сарқырама кітапханасында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, психологиялық тренинг өткізілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында аудандық аурухана психолог маманы З.Кульжанова психологиялық ахуалды қалыптастыруға арналған жаттығулар жүргізді. Әйелдерді және балаларды зорлық зомбылықтан қорғау аға инспекторы, аға лейтенанты А.А Боташева сөз алып, қазіргі таңда орын алып жатқан өзекті жәйттардың алдын алу бойынша тәрбиелік мәні бар баяндама оқып,түсіндірме жұмыстарын жасады. Келесі кезегінде мәдениет үйінің әдіскері Л.М Токтагулова отбасындағы тәрбиенің қоғамда дұрыс қалыптасуы басты мәселе екенін ескеріп өтті.
Сарқырама кітапханасының қызметкері әдеби психологиялық кітаптарды көрсетіп,ауыл мәдениетімен таныстырып өтті. Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметінің секторы,әлеуметтік маманы П.А Сайранова сөз алып,жастар арасындағы мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріп, парақшалар таратты.Аудандық аурухана әлеуметтік қызметкері Т.Қамытбек сергіту мақсатында ата-аналармен сұхбат жүргізіп,жаттығу ұйымдастырды. Психологиялық тренинг барысында, қатысушылар белсенділік танытып, психологиялық ойындарға, жаттығуларға қатысып, өз ойларын,пікірлерін білдірді.