Хосписте жұмыс істейтін медбике өлім аузында жатқан науқастардың ең жиі айтатын өкініштерін айтты
Америка Құрама Штаттарының хоспис медбикесі өлім алдында ауыр халде жатқан адамдардың жиі айтатын өкініштері туралы айтып берді. Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме берген Stan.kz хабарлайды.
Джули хосписте жұмыс істеген тоғыз жылдың ішінде адам өмірінің ақырына қарай не үшін өкінеді деген сұрақтың ең танымал, яғни жиі кездескен жауаптары туралы айтып өтті.
Науқастар өмір мен денсаулықтарын лайықты деңгейде бағаламағанын және де болмашы, маңызы аз нәрселерге тым көп күш жұмсағанын, сонымен қатар өмір бойы жұмыс істеп, отбасымен көп уақыт өткізе алмағандарына өкінетінін мойындаған.
Олар басқа адамдарды дәл қазіргі сәттен ләззат алуға, кішкентай нәрселерден қуаныш табуға, өмір мен денсаулықты басты орынға қоюға шақырады.
Бұған дейін осыған ұқсас оқиғаны амеркалық заңгер айтып берген. Ол ескі жұмысын тастап, өлім алдында жатқан адамдардың жанында, яғни соңғы күндері мен минуттарына дейін бірге өткізе бастағаны хабарланған болатын.
Ол тәжірибе барысында өмірдегі соңғы сәттерін өткізіп жатқан адамдардың әртүрлі ниет-тілектерін естігенін және оларды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысқанын атап өтті.
Бөлісу тақырыбы: Хосписте жұмыс істейтін медбике өлім аузында жатқан науқастардың ең жиі айтатын өкініштерін айтты