Органикалық өнімдер
Органикалық өнімдер (сонымен қатар биоөнімдер) синтетикалық пестицидтерді, синтетикалық минералды тыңайтқыштарды, өсу реттегіштерін, жасанды тағамдық қоспаларды қолданбай (немесе азырақ пайдалану арқылы) жасалған ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінің өнімдері болып табылады.
Органикалық азық-түлік өнімдері адам денсаулығына қажетті дәрумендер, белоктар, көмірсулар және минералды тұздарды алудың бірден-бір жолы болып табылады, сонымен қатар организмді синтетикалық, формальдегидтер, канцерогендер және қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібі өнімдерінің құрамындағы басқа да зиянды компоненттерден қорғайды.
Қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян тигізбейтін қауіпсіз технологияларды пайдалана отырып, дәстүрлі түрде өсірілетін және өндірілген жоғары сапалы және пайдалы тағам. Топырақтың табиғи күйін, ауа мен судың тазалығын, сақтауға шақырады.
Органикалық шаруашылықтың нормалары мен талаптары мыналарға жол бермейді:
- Өндірісте химиялық заттарды қолдану (пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, антибиотиктер, өсу стимуляторлары);
- Экоөнімдердің құрамында жасанды қоспалардың болуы (консерванттар, тұрақтандырғыштар, дәмді күшейткіштер);
- Гендік инженерияның әдістері мен құралдарын қолдану.
Неліктен органикалық тағамды сатып алу керек?
Органикалық өнімдерді пайдалану тұтынушының денсаулығына оң әсер етеді;
Құрамында пайдалы және қоректік заттар болуы;
Витаминдерге, минералдарға, антиоксиданттарға және басқа да биологиялық белсенді заттарға бай.
Денсаулыққа зиянды заттардың (пестицидтердің, ауыр металдардың, гормондардың, ветеринарлық препараттардың, микотоксиндердің қалдықтары) болмауы;
Нитраттардың басым төмен мөлшерімен сипатталады;
Құрамында синтетикалық қоспалар мен ГМО негізіндегі препараттар жоқ.
Жануарлар табиғи жағдайда ұсталады;
Жануарлардың әл-ауқатының жоғары деңгейіне ықпал ету.
Тұрақты өндіріс өнімі болып табылады;
Құрамында қоршаған ортаны, топырақты, ауаны, жер үсті және жер асты суларын ластайтын синтетикалық химиялық қорғаныс заттары мен жасанды тыңайтқыштар болмауын қадағалау «Органикалық өнім өндіру туралы» ҚР Заңында көрсетілген қағидалар туралы органикалық өнімді таңбалау, сәйкестігін растау және органикалық өнім өндіру кезіндегі міндетті шарттарға баса назар аудару қажет.
Халықтың тұтынуына арналған органикалық өнімдерді өндіру нәтижесінде өндірілген табиғи түрдегі өнімдерді таңдай білейік!
Сырым Берікқара
Кентау қалалық СЭББ бас маманы