Тағамнан улану және оның алдын алу

Тағамнан улану дегеніміз — микроптармен оның токсиндерінің адам ағзасына зақымданған тағамды немесе улы тағамдарды жегенде пайда болатын,  адамнан адамға жұқпайтын жедел  аурушаңдық. 

Screenshot_5.jpg

Ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық, не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Азық-түлікке аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуінен болады. Тамақтан улану микробты және микробсыз болып бөлінетіндігі, токсико инфекцияны тудыратын шартты патогенді микроорганизмдер (ішек таяқшалары – Е.coli: Протей таяқшасы, Cl.perfringens; Bac.cereus) болып табылады. Тамақтан уланудың профилактикасына басты назар аудару қажет. Ол үшін қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз, тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз, пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз, азық¬-түліктерді мұқият сақтаңыз, алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздырыңыз, шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз. Тағамнан уланудың негізгі себептері жеке бас гигиенасының, санитариялық-гигиеналық талаптардың және тамақтарды дайындау барысында технологиялық процестердің сақталмауы, сақтау мерзімдерінің бұзылуынан болады.

Тағамнан уланудың алғашқы белгілері: асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының жоғарылауы, т.б. Тағамнан уланудың клиникалық көрінісі уланудың түріне және зақымданған улы тамақты қанша мөлшерде жегеніне байланысты. Ең алғашқы белгілері зақымданған тамақты жегеннен кейін 30 минуттан соң басталады.

Тағамнан уланудың ең алғашқы белгілері білінген кезде әсіресе балалар, қариялар және жүкті әйелдер тез арада дәрігерлерлік көмекке жүгінуі тиіс. Егер ауру ұзақ уақыт жазылмай, құсу, организмнің сусыздануы, нәжісінде қанның болуы және өткір ішек ауруы сияқты белгілері сақталған жағдайда міндетті түрде дәрігерлік көмекке жүгінген дұрыс. Сәбилердің организмдері тез сусыздануға бейім болғандықтан, ешбір кедергісіз, уақыт созбай емделу қажет.

Аурудың алдын-алу жолдары:

- тамақтанар алдында қолды жуу;

- термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді қайнатылған сумен жуу, қалғандарын ағынды сумен жуу;

- тек қайнатылған немесе бөтелке суын ішу;

- тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;

- кондитер өнімдерін тек дүкендерден ғана алу, қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу;

- үй жағдайында дайындалған консерві (ет, құс, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмау;

- тағамның түрі, түсі, иісі және тағы басқа белгілері күмән тудыратын болса, мұндай тағамды мүлдем пайдаланбау.

Әрбір тұтынушы тағамды қолданар алдында оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қатаң мән беру қажет!

Н.РАБАТ, 

Арыс қалалық СЭББ басшысы

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Тағамнан улану және оның алдын алу