Тұмаудың алдын алу!

Тұмау - бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмаудың жұқтыру көзі - ауру адам. Тұмау ауа - тамшы жолдары арқылы жұғады. Науқас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде ауаға вирус тарайды.

Screenshot_24.jpg

Тұмау вирусы сыртқы ортада бірнеше сағат бойы өз белсенділігін сақтай алады. Тұмаудың инкубациялық кезеңі 5 - 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Тұмаудың клиникасы: мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы, әлсіздік, буындардың сырқырап ауыруы, аурудың алғашқы сағаттарында дене температурасы көтерілуі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы  қатты  қызба  тән.  Кейінірек  құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте - бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады.

Иммундық жүйесі әлсіз қарт адамдар мен балалар дұрыс емделмесе немесе сәйкессіз ем қолданғанда, режим бұзылған кезде тұмаудан дамитын асқынулар өте қауіпті. Олар: бронх қабынуы, пневмония, отит, гайморит, менингит және энцефалит болып табылады.

Тұмаудың алдын алуға бағытталған шараларды жыл бойы сақтаған жөн: дұрыс тамақтану, шынығу, иммунитетті арттыру.

Вакцинациялау - тұмаудың алдын алудың негізгі әдісі. Вакцинаны эпидемиялық маусым басталғанға дейін егеді.

Тұмаудың эпидемиялық кезеңінде адамдар көп шоғырланатын жерлерге баруды азайтуға тырысыңыз. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды жинау жұмыстарын жиі жүргізіңіз. Аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді қабылдау арқылы ағзаның қорғаныс қабілетін арттыру керек. Сарымсақ, пияз сонымен қатар құрамында С дәрумені бар өнімдерді (лимон, орамжапырақ, қара қарақат) көбірек пайдаланыңыз. Медициналық бетпердені тағыңыз, тиімді тамақтаныңыз.

Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, дене шынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз. Жеке тазалықты сақтап, қолды жиі жуыңыз. Мұрын қуысын күніне екі рет сабындап шаю керек. Бұл шара мұрынға ауамен бірге кіретін микробтарды жоюға септігін тигізеді. 

Жылдың күз мезгілінде   тұмау мен өткір респираторлық вирустық инфекциясының маусымы басталады.Кез келген жастағы адам сырқаттануы мүмкін,бұл екі вирустық ауру адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Сол себептен олардың алдын алу маңызды.Көп адамдар бұл екі аурудың арты өлімге соқтыруы мүмкін екенін білсе де,бірден ауруханаға бармайды.Соның салдарынан науқастар ауруды әбден асқындырып барып ауруханаға қаралады.Аудан тұрғындары ауру белгілері байқалған жағдайда тез арада жергілікті емдеу мекемесіне қаралғандарыңыз абзал. 

Бәйдібек аудандық СЭББ-ның бас маманы

А. Молдабекова 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Тұмаудың алдын алу!