Тағам өнімдерін таңбалау
Таңбалаудың негізгі міндеті тауар туралы мәліметтерді тұтынушыларға жеткізу,сондай-ақ тауарды сәйкестіндіру болып табылады. Таңбалау арқылы тұтынушы тауар туралы қажеттінің бәрін біле алады.
Осы мәліметтердің барлығы Кеден Одағының Техникалық регламентіннің 022/2011 «Тағам өнімдерінің таңбалау бөлігінің » талаптарында көрсетілген. Осы нормативтік құжатқа сәйкес таңбалау түсінікті,сенімді және тұтынушыны адастырмауы керек.
Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын негізгі талаптар :
1. Тамақ өнімдерінің атауы;
2. Тамақ өнімдеріне қатысты құрамы, тамақ өнімдерінің мөлшері,тамақ өнімдерінің мөлшері,тамақ өнімдерінің жасалған күні,тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер;
3. Тамақ өнімін дайындаушының атауы мен орналасқан жері,сондай-ақ Кеден Одағы Техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері,импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері;
4. Тамақ өнімдеріне қатысты-құрамы, мөлшері(салмағы), дайындалған күні, жарамдылық мерзімі,сақтау шарттары (температуралық режимі) туралы мәліметтер;
5. Тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер «өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда ГТА деп көрсетіледі).
6. Тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
7. Тауар массасының шамасы (нетто), көлемі, саны;
8. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс;
9. Қажетті ақпарат міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс;
10. Тауардың шыққан елі;
11. Құрамында 150мг/л-ден асатын мөлшерде кофеині бар алкоголіз сусындар және (немесе) адам ағзасына сергіту әсерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде емдік шөптер мен оның сығындысы «18 жасқа дейінгі балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің ,сондай-ақ жүйке жүйесінің қозуымен ,ұйқысыздық, артериалдық гипертензиямен ауыратын адамдардың тұтынуына ұсынылмайды» деген жазбамен таңбалануға тиіс.
Ақпараттың бәрімен таныса отырып ,сіз бірінші көзге түскен тауарды емес , сапалы әрі қауіпсіз тауар алып жатқандығынызға сенімді боласыз .Өзіміздің денсаулығымызға пайдасы бар , құнарлы тағамдарды таңдай білу үшін тамақ өнімдерін таңбалауына қойылатын негізгі талаптарға аса мән беруіміз қажет.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының
Санитариялық эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы Г.Нұртаева