Санитариялық қорғау аймағы өндірістік обьектілерге не үшін қажет

Санитариялық-қорғаныш аймағы – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

Screenshot_8.jpg

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің (көздердің) айналасында СҚА белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) Ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін гигиеналық нормативтерде (бұдан әрі – гигиеналық норматив) белгіленген мәндерге дейін, ал қауіптілігі I және II сыныптардағы объектілер үшін – гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, сонымен қатар, халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекел шамаларына дейін азайтуды қамтамасыз етеді. СҚА-ның өзінің функционалдық қолданылу мақсаты бойынша объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады.

Объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты ҚР  ДСМ 11.01.2022ж   № ҚР ДСМ-2 бұйрығы  "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы  бұйрығына  сәйкес СҚА-ның мынадай өлшемдері көзделген:

1) қауіптіліктің I сыныбындағы объектілер 1000 метрден (бұдан әрі – м) және одан жоғары;

2) қауіптіліктің IІ сыныбындағы объектілер 500 м-ден 999 м-ге дейін;

3) қауіптіліктің III сыныбындағы объектілер 300 м-ден 499 м-ге дейін;

4) қауіптіліктің IV сыныбындағы объектілер 100 м-ден 299 м-ге дейін;

5) қауіптіліктің V сыныбындағы объектілер 50 м-ден 99 м-ге дейін.

СҚА жобалары осы Санитариялық қағидалардың 6-тармағында көрсетілген диапазондардағы СҚА өлшемін негіздеу үшін адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілер үшін әзірленеді.

Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілерді тұрғын үй құрылысы аумағынан, ландшафтылы-рекреациялы аймақтан, демалыс алаңы (аймақтары), курорт, санаторий, демалыс үйлерінің, стационарлық емдеу-профилактикалық ұйымдарының аумақтарынан, бау-бақша серіктестіктері мен коттедж құрылысы аумақтарынан, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерінен СҚА бөлінеді

Санитариялық ажыраудың шамасы әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының таралуын және физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар) деңгейлерін есептеу негізінде белгіленеді.

Халыққа физикалық әсер ету факторларының көздері болып табылатын объектілерге арналған СҚА өлшемдері, көздердің орналасқан орындарын және олардан туындайтын шуды, дірілді, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар сипатын есепке ала, акустикалық есептеулер негізінде белгіленеді. СҚА өлшемдерін белгілеуге арналған есептеу параметрлері атмосфералық ауаға физикалық әсер ету факторларының заттай өлшеулермен расталады.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының СЭББ 

бас маманы Г. М Нысанова