Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдық мерейтойы аясында мекеме қабырғасында Германия, Ресей және Қазақстанның жетекші ғылыми-медициналық орталықтары дәрігерлерінің  қатысуымен 20-ға жуық күрделі ота жасалуда.

Screenshot_5.jpg

Шеберлік дәрістерінде халықаралық деңгейде танылған білікті дәрігерлер түркістандық әріптестерімен бариатриялық және метаболизмдік хирургия, нейрохирургия, терапия және басқа да  бағыттары бойынша тәжірибе бөлісіп, медицинадағы соңғы инновациялық әдістерді үйретуде. Бұл туралы дәрігерлер қазақстандық бариатриалық және метаболиалық хирургтер қоғамының президенті, медицина ғылымдарының докторы Орал Оспанов пен Ресейдің академик Н.Бурденко атындағы нейрохирургиялық ғылыми зерттеу институтының қызметкері, медицина ғылымдарының докторы Андрей Ошоров арнайы қатысқан брифингте айтты. Профессорлар бұл жиынның маңыздылығына тоқталды.

– Бұл жерде басты ұстаным неурохириргиялық бағыттың дамуы болып табылады. Сондықтан осы саладағы тәжірибемен бөлісетін боламыз. Бұл жерде сіздердің білікті мамандарыңыздан аларымызда бар. Тек хириргтар емес анестозолог асистент тіпті мейіргерлердіңде біліктілігі артады, – дейді ресейлік доктор Андрей Ошоров. 

№2 операциялық бөлімде мамандар науқасты күрделі кезеңге дайындауда. 1963 жылғы пациентке өңештің жарығына лапороскопиялық ота жасалды. Ал отаның маңызды бөлігі – анестезиялық көмек үшін оның тереңдігін көрсететін жаңа технология қолданылды. Су жаңа құрал анестезиолог дәрігерге қажет респираторлық және гемодинамикалық көрсеткіштен хабар береді. Аппарат ауруханада алғаш рет қолданылып отыр. 

– Жасайтын оталарымыз – диафрагмалық жарық және тоқ ішектің бір бөлігін алып тастау отасы. Оны малоинвазивті түрде жасаймыз. Осы малоинвазивті хирургияға өкінішке орай, көп адам көрші мемлекетке кетеді. Бұл оталар Қазақстанда жоғары деңгейде жасалады, – дейді А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы асқазан-ішек, эндокриндік ағзалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Әділ Шөкебаев.

Облыстық клиникалық аурухананың 155 жылдық мерейтойы аясында 20-ға жуық ота жасалуда. Оның қатарында асқазан-ішек жолдары хирургиясы, урология, интервенция, гинекология және ортопедия салалары бар. Қазақстанның түкпір-түкіпіріндегі және шет елдердегі дәрігерлерге шеберлік дәрістердің барысы онлайн-трансляция арқылы көрсетілді. 

Еліміздің бірнеше қаласынан және алыс-жақын шет елдерден келген мамандар шеберлік сабағын өтіп қана қоймай, лекциялар оқыды. Сондай-ақ, өңірге арнайы келген білікті ақ халаттылар облыстың дәрігерлері мен медицина саласының студенттеріне бірнеше маңызды тақырыпта баяндама жасап, сауалдарына жауап берді.