Бруцеллез

Бруцеллез - малдан адамға жұғатын жұқпалы ауру, көп жағдайда созылмалы түрде кездесіп бірнеше уақыттан соң ауруы қайта қозу немесе қайталану жағдайлары жиі кездеседі.

Screenshot_3.jpg

Бруцеллез ауруының қоздырғышы бруцелла микробы болып табылады, ауру қоздырғышы жарақатталмаған тері арқылы да адам ағзасына енуге бейім, аса жоғары жұқтырғыш қасиетімен ерекшеленеді.

Бруцеллез ауруының негізгі жұқтырушы көзі: қой, ешкі, іріқара мал және шошқалар болып табылады. Бруцеллез ауруы уақ (қой, ешкі, т.б)  малдар арасында жиі кездеседі.

Жануарлар ауруды жем, су, көң,тезек арқылы жұқтырады, ал адамдар болса ауру малды күтіп- қарауда, әсіресе төлдеу кезінде, мал өнімдері және шикізатымен айналысқандам, ЯҒНИ БӨЛШЕКТЕГЕНДЕ, СОЙҒАН КЕЗДЕ тағамға ауру малдың сүтін, сүт өнімдерін және етін қолданғанда,ауру малдың жүнін өндегенде, тезек жасағанда, ауру мал тұрған, төлдеген орындарды көңнен тазалау кезінде жұғуы мүмкін.

Сондықтан аурудың алдын алудың ең маңыздысы жеке бас гигиенасын сақтау болып табылады.

Малмен және оның өнімдерімен жұмыс істегенде арнайы кіммен, қолғаппен жұмыс істеген абзал. Қол жарқаттары болса жақсылап таңып қою керек. Жұмыс істеп болғаннан кейін қолды жуу,киімді ауыстыру сияқты іс-әрекеттер аурудың алдын алады.

Етті, сүтті шикідей жеп, ішу өте ҚАУІПТІ, оларды тек қайнатып,пісірген соң тұтыну қажет екенін есте ұстаңыз!

Ж.Өтеул,

Бәйдібек ауданы, СЭББ бас маманы

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Бруцеллез