Жіті респираторлық вирустық инфекциялар және тұмаудың алдын алу жолдары
Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) – ауа-тамшы жолымен берілетін және тыныс алу (респираторлық) жолдарының сілемейлі қабығын зақымдаумен қоса жүретін тұмау, парагрипп, аденовирустар және респираторлық-синцитиалдық вирустар тудыратын аурулардың жоғары контагиоздық тобы.
Тұмау немесе грипп – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Сырқат өкпе қабынуы және бронхит сияқты асқынуларға әкеледі. Сондай-ақ, бұрыннан бар жүрек пен өкпе ауруларын қайта қоздырады.
Тұмау мен ЖРВИ клиникасы:
- Дене қызуының 38-39 С-ға дейін көтерілуі, қалтырау;
- Бас пен бұлшық ет, тамақтың ауыруы, дауыстың қарлығуы;
- Жөтелу және әлсіздік;
- Кеуденің ашып ауруы.
Берілу жолы:
- Ауа тамшы арқылы, яғни науқас адамнан сау адамға түшкірген, жөтелген, сөйлеген кезде;
- Тұрмыстық қатынас арқылы, науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы және т.б. арқылы жұғады.
Алдын-алу жолы:
- Науқас адамдармен байланыстан алшақ болу;
- Көпшілік жерде және науқас адамдармен байланыс жасаған кезде бетперде кию; -Инфекцияның таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуу;
- Бір реттік қол орамалын қолдана отыра, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу;
- Адам көп жиналған жерге барудан барынша шектелу;
- Бөлмені жиі желдету;
- Кір қолмен көзді, мұрын мен ауызды түртпеу;
- Тұмауға қарсы екпе алу;
- Салауатты өмір салтын ұстану (толық қанды ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай тағамдар), ол ағзаның кез келген инфекциямен күресуіне көмектеседі;
- Аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралып, ем алу.
Идияева Б.С,
Шымкент қаласы Қаратау ауданының
санитариялық-эпидемиологиялықбақылау басқармасының
эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы
Бөлісу тақырыбы: Жіті респираторлық вирустық инфекциялар және тұмаудың алдын алу жолдары