Йод тапшылығы аурулары мен олардың алдын алу
Йод - адам ағзасының маңызды бөлігі. Йод тапшылығы мәселесі әлемдік денсаулық сақтау саласында маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде болмауынан пайда болады. Йод қалқанша без гормондарының (тиреоидты гормондар) түзілуінің таптырмас қатысушысы. Бұл гормондарды ағзаның барлық барлық органдары мен жүйелері қажет етеді. Йодтың жеткілікті мөлшері адамды физикалық және ақыл-ой белсенділігі үшін энергиямен қамтамасыз етеді, ағзаның өсуіне, дамуына және жасушалардың қалпына келуіне ықпал етеді.
Йод тапшылығынан шаштың түсуі, терінің құрғақтығы, жүректегі шаншу, ентігу, тәбеттің төмендеуі, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, жиі бас ауруы, аяқ-қолдың ісінуі, көз астының ісінуі, есту қабілетінің төмендеуі, зейіннің нашарлауы, ұмытшақтық, зобтың үлкеюі, әлсіздік, тез шаршау, көңіл-күйдің болмауы байқалады. Осы ісінулерден айырылу үшін несеп айдайтын препараттарды қабылдауы жай-күйді ушықтырып, тәуелділіктің қалыптасу ықтималдылығын бірнеше рет арттырады.
Сондай-ақ, әйелдерде йод тапшылығынан менструальды циклдың бұзылуына себеп болады, климакс пайда болуына ықпал етеді және сүт бездерінің аурулары -мастопатия, жатыр миомасы пайда болуына себеп.
Жүкті әйелдер үшін йод тапшылығы өте қауіпті болып саналады, бұл ұрықтың дұрыс дамуына және жаңа туған нәрестелердің дамуы, баяу өсуі, сөйлеу қабілетінің дұрыс болмауы байқалады. Ауырудың асқынған сатысында бедеулік немесе ерте климакс пайда болуы мүмкін.
Йод тапшылығынан пайда болған зоб жақын маңдағы органдарға қысым жасай бастайды, сол себептен құрғақ жөтел, тұншығу ұстамалары және тамақ жұтқан кезде қиындықтар тудыруы мүмкін.
Йод тапшылығының алдын-алу. Онымен қалай күресуге болады?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы физиологиялық, яғни жасына байланысты микроэлементті -йодты тұтынудың тәуліктік нормаланын белгілеген. Емшектегі балаларға және сәби жастағыларға (5 жасқа дейінгі)- тәулігіне -90мкг., мектеп жасындағы балаларға (5-12 жас) -тәулігіне-120 мкг., ересектер үшін тәулігіне -150 мкг., емізулу және жүкті әйелдер үшін тәулігіне-250 мкг. Орташа алғанда бұл норма күн сайын-120-150мкг-ға дейін.
Адам ағзасы йодтың 90 пайызын азық-түлік өнімдерінен, ал қалғандарын ауа мен судан алады. Йод тапшылығы ауыруларын болдырмау немесе тапшылықты жою үшін бірінші қадамы йодқа бай тағамдарды диетаға қосу. Оның ең көп концентрациясы теңіз балығында, теңіз өнімдері мен балдырларында. Қоғамда йод тапшылығын жою үшін қалыпты тұздың мазмұны өзгертіліп, йодталған тұзға айналдырылды. Йод тапшылығымен күресу үшін йодталған тұзды пайдалану қажет. Йодталған тұздың сапасына жылу, ылғалдылық пен жарық әсер етеді. Сондықтан оны қақпағы бар ыдыста, құрғақ жерде сақтап пайдалану керек.
Т.Қ.Сермаңизов,
Еңбекші ауданы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы