Босандыру мекемелерінде медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу
Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция– пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік немесе грибоктан пайда болатын кез келген инфекциялық аурулары.
Жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары – егер үйге шығарылғаннан кейін жеті тәуліктің ішінде пайда болса, генерализацияланған түрлері – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәулік ішінде пайда болса; акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық асқынулар – үйге шығарылғаннан кейін отыз тәулік ішінде пайда болса; хирургиялық араласудың инфекциялық асқынулары – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәуліктің ішінде пайда болса медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар болып табылады.
Жұқпа факторлары: құралдар мен аспаптардың ластануы (контаминация салдары), тыныс алуға арналған және өзге де медициналық аппаратура, төсек-орын жабдықтары, керуеттер, науқастарды күтуге арналған заттар, медициналық таңу және тігу материалдары, эндопротездер мен дренаждар, трансплантанттар, арнайы киімдер, аяқ киімдер, ластанған киімдер, қызметкерлер мен науқастардың шаштары, қолдары, т.б.
Клиникалық белгілері: басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін қызба (380С-тан жоғары), гипотермия (370С-тан төмен), зақымдалған жердің ауырсынуы, локальды ісіну, қызу, болжамды инфекция ошағынан іріңді бөліндінің бөлінуі, жаңа туған нәрестелерде құсу, іш кебу, науқастардан алынған зертханалық талдау нәтижесінде микроорганизмдердің анықталуы және т.б. белгілердің болуы.
Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуды көздейтін кез келген шара инфекциялық бақылау тәртібін қатаң түрде ұстануды талап етеді.
Науқастар мен медициналық персоналдың жеке гигиенасы, дезинфекцияны ұйымдастыру, медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру алдындағы өңдеуге және зарарсыздандыруға қойылатын талаптар сақталуы тиіс.
Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудың аса маңызды бағыты дезинфекция болып табылады. Оның мақсаты-сыртқы орта объектілерінде, үй-жайларда, медициналық жабдықтар мен құралдарда патогендік және шартты-патогендік микроорганизмдерді жою. Тері жамылғылары мен шырышты қабаттардың тұтастығын бұза отырып немесе шырышты қабаттардың бетімен жанасатын манипуляциялар кезінде қолданылатын барлық медициналық мақсаттағы бұйымдар дәйекті түрде: дезинфекциялауға, зарарсыздандыруға дейінгі тазартуға, зарарсыздандыруға, кейіннен микроорганизмдермен қайталама ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады. Барлық үй-жайлар, жабдықтар, медициналық және басқа да керек-жарақтар таза ұсталуы тиіс. Үй-жайларды ылғалды жинау (едендерді, жиһаздарды, жабдықтарды, терезе төсеніштерін, есіктерді және т.б. жуу) күніне кемінде 2 рет, ал қажет болған жағдайда жиі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Антибиотиктерді профилактикалық тағайындау хирургиялық араласудан кейінгі инфекциялық асқынулардың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі болып табылады. Медициналық ұйымдардың қызметкерлері гигиена мен қол жууға қатысты барлық талаптарды қатаң сақтауы, медициналық қолғаппен инвазивті процедураларды орындауы керек. Медицина қызметкерлерінің қолдары мен пациенттердің терісін дезинфекциялау үшін жаңа тиімді тері антисептиктерін енгізу әртүрлі медициналық манипуляцияларды жүргізу кезінде асқынулардың пайда болуының тиімді алдын алуды қамтамасыз етеді. Терінің және сілемейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет қолданылатын стерилді қолғаппен жүргізіледі. Қолды өңдеу үшін жылы ағынды су, шынтақ дозаторы бар құтылардағы сұйық сабын, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе сулықтар пайдаланылады. Қолды өңдеу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қолдануға рұқсат етілген құралдар қолданылады. Ауа тамшы арқылы берілетін инфекциялар (қызылша, қызамық, жіті респираторлық вирустық инфекциялар, COVID-19, пневмония т.б.) әсіресе жүктілік кезінде өте қауіпті. Аурудан қорғанудың бірден –бір жолы-вакцинация. Егу алу арқылы вирусты жасанды жолмен тоқтатып, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет қалыптастыратынын есте сақтаңыз!
Жоғарыда аталған алдын алу шараларын сақтау арқылы медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияның алдын алуға болады.
А.Т.Темірхан,
Шымкент қаласы Ал-Фараби ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы
Бөлісу тақырыбы: Босандыру мекемелерінде медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу