Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күні республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. “Сыбайлас-жемқорлық” латынның "corruptio" деген сөзіен аударылғанда “пара”, “параға сатып алудеген түсінік береді.

Screenshot_10.jpg

ҚР 2015 жылдың 18 қарашасындағы №410-V “Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңында сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді: “Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдардың, солармен теңестірілген адамдардың өздеріне берілген лауазымдық өкілетіліктерін, мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы өз мүддесіне немесе жақын-таныстарының, яғни үшінші тұлғалардың мүддесіне пайдалану мақсатында мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды иелену, алу”.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.

Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауып қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. 

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бастап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша құқықтық оқытулар, семинар сабақтары ұйымдастырылып өткізілуде. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау қадағаланып, барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралады. Басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 3 түрі «elicense.kz» веб порталы арқылы электрондық түрде қабылданып, заң шеңберінде қаралып жауап беріледі.

Басқарманың нысандарға қатысты жүргізетін барлық тексерулер ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде міндетті түрде тіркеледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында мақалалар жариялануда. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде (facebook, Instagram) мақалалар үнемі жарияланады. Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, этикалық кодекстің талаптарын бұзушылықтары анықталған жағдайда хабарласу үшін жүйелі түрде «Сенім телефоны» (51-53-07 нөмері) БАҚ арқылы жарияланып тұрады. 

Айта келе, сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

А.А.Тоғай,

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңбас маманы 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу