Ауыз судың сапасы

Ауыз су — ол органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз және пайдалы болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығына ауыз судың сапасы  тікелей әсер етеді. Осыған орай ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады.

Screenshot_12.jpg

Басты талаптардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200С-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлылығы 2 мг/дм3-ден аз, кермектілігі 7 – ммоль/дм болуы керек. Кейбір  элементтердің артуы немесе жетіспеуі, адамды ағзасында  түрлі аурулардың себебі болады.  Мысалы: кальций, магний тұздары жетіспесе, адам сүйегі морт сынғыш болады. Фтордың ауыз судағы мөлшері төмен болуы – флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыс жетіспесе – анемия, бордың аз болуы асқазан аурулары, никельдің кем болуы – көз ауруларына әкеліп соғуы мүмкін. Тұрғындарға шаруашылық-ауыз су қажетіне қолданатын су келесі  талаптарға сәйкес келуі қажет:

    1. Органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз  және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы;

    2. Адам денсаулығына зиянды әсерлерді беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық мөлшерде болмауы;

    3. Патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы.

 Ауыз судың органолептикалық қасиеттері бірқатар көрсеткіштер (иісі, дәмі, түсі, лайлылығы) бойынша, сол сияқты, судың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін заттардың (темір, марганец, мыс, сульфаттар, хлоридтер, т.б.) мөлшері бойынша бағаланады. Ауыз суда көзге көрінетін судағы ағзалар мен су бетінде қабыршық болмауы керек.

Осы айтылған барлық талаптар орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйелер арқылы берілетін ауыз суға қойылады. Бұл су тұрғындардың ауыз су және

тұрмыстық мақсатта қолдануда, азық-түлік шикізат өнімдерін өңдеу нысандарында және тамақ өнімдері өндірістерінде, оларды сақтау және сатуда, сол сияқты, сапалы ауыз су қолдануды қажет ететін өнімдер өндірістерінде қолданылады. 

Ауыз судың маңызын айтып таусу мүмкін емес. Ұзақ жасауды қаласаңыз, бұл да пайдалы судың сапасына тіреледі. Сусыз тіршілік жоқ екені айтпасада түсінікті. Күнделікті ішуге арналған сулардың мемлекеттік стандарттарына сәйкес, «ыдыстарға» құйылған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың» регламенті бар.

Онда  ыдыстарға құйылған ауыз су, табиғи су, жерасты суы, бұлақ суы, артизан суы, шығарылған жері белгіленген су, тазартылған су, жер үсті суы туралы жіктеліп, сапасы, сипаты көрсетілген. Тұрақты түрде сапалы су ішетін адам талай дерттің алдын ала алады.  

Н.Сурашова,

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы СЭББ-ның жетекші маманы 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ауыз судың сапасы