Пиротехникалық бұйымдарды қолдану ережелері

Жаңа жылдық мереке жақындаған сайын пиротехникалық бұйымдар көбейе түсуде. Осындай көзқызығарлық ойыншықтардың салдарынан қайғылы жағдайлардың орын алып жататыны бәріңізге  белгілі. 

Screenshot_4.jpg

Мұндай заттарды қолдану кезінде тиісті нұсқаулықтарымен танысып, қауіпсіздік жағдайларды ескеруді естен шығармау қажет.

Пиротехникалық заттарды мүмкіндігінше қауіпсіз жерлерде қолдану керек. Жан-жағыңыздың қауіпсіздігі үшін от шашуларды ату жоғарыға қарай бағытталуы тиіс. 

Пиротехникалық бұйымдарды қолдан жасау фактілері көптеп кездеседі. Сондықтан мұндай бұйымдарды сапасы жағынан талапқа сай келетіндігін дәлелдейтін арнайы құжаттары бар дүкендерден сатып алған жөн.

Барлық сертификаты бар тауарларда міндетті түрде арнайы нұсқаулықтары, өндіруші зауыттар атауы, шығарылған уақыты мен пайдалануға дейінгі мерзімі көрсетіледі.

От шашуларды ережеге сәйкес, дұрыс пайдалана білу керек:

    - жанып тұрған жарылғыш от шашуды ешқашан қолда ұзақ ұстап тұрмаңыз;

    - жанып тұрған жарылғыш от шашуды адамдар арасына тастамаңыз;

    - жанып тұрған жарылғыш от шашуды жабық банкада, шелекте және құтыларда ұстамаңыз;

    - жанып тұрған жарылғыш от шашуды тек ашық ауада қолданыңыз;

    - жанып тұрған жарылғыш от шашуға 15-20 метр қашықта болыңыз;

    - пайдаланылмаған жарылғыш от шашуларды арнайы орамда сақтаңыз;

    - пайдаланылмаған жарылғыш от шашуларды қалтаңызға салмаңыз.

Сақтаныңыз от шашудан опық жемеңіз!

Т.Қ.Сермаңизов,

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы