Қызылшаның алдын алыңыз!
Қызылша ауруы — бұл жылдам таралатын вирусты респираторлы жұқпалы ауру. Инфекция көзі – науқас адам. Инфекция өзінің жұқпалылығымен және тез таралуымен ерекшеленеді.
Қызылшаның берілу жолдары: ауа тамшы арқылы. Вирус ағзаға ауыздың, мұрынның және көздің шырышты қабаты арқылы енетін вирус тудыратын ауа тамшыларымен беріледі. Тіпті көпқабатты үйде қызылша ауруы пайда болса, онда онымен байланыста болмаса да, осы үйде тұратын балалар одан жұқтыруы мүмкін.
Аурудың жұғу жолы:
- ауа тамшы арқылы - науқаспен сөйлескенде, түшкіргенде, т.б қарым қатынаста ауа арқылы тыныс алу жолдары арқылы енуі
Аурудың жасырын кезеңі-7-21 күн.
Аурудың клиникалық белгілері: бастапқы кезеңде (кезең ұзақтығы 3-4 күн); мұрынның, көздің шырышты қабатының қабынулары , құрғақ жөтел, көзден жас ағу, жарықтан қорқу, қызылша энантемасы: жұмсақ, ішінара қатты таңдайдың, ауыз қуысының шырышты қабығындағы қызыл тұрақты емес дақтар, пайда болады. Сирек жағдайда ерінде, қызыл иектің шырышты қабығында дақтар кездеседі. Ауру уақыт өткен сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастап, бөртпе кезеңіне ауысады. Сонымен қатар балада дене қызуының қайта көтерілуі; құлақтың артында, бетте бөртпелер пайда болады. Ал бір тәулік ішінде бөртпелер мойынға, жоғары кеуде тұсында 2-ші күні бөртпе денеге толықтай шықса, 3-ші күні аяқ-қолдардың төменгі бөліктеріне таралады. Бөртпенің қайтуы кезеңінде біріккен бөртпеден пигментацияға ауысады.
Пигментация кезеңінде: бөртпе пайда болған ретпен жоғала бастап, пигментация қалады.
Қызылша мен қызамықтың алдын алудың негізгі және ең тиімді құралы-екпе алу . ҚР-да Ұлттық күнтізбеге сәйкес алдын алу екпесі жоспарлы түрде 12-15 айда және қайта егуі 6 жаста қызылшаға, қызамық, паротитке қарсы біріктірілген вакцина жүргізіледі. Жоспарлы екпеден бөлек қызылша ауруының елімізде тіркелуіне байланысты қызылша ауруының таралуының алдын-алу мақсатында жоспарлы екпеден бөлек еліміздің барлық өңірлері, соның ішінде ауданымызда 2023 жылдың қараша айынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақтағанға дейін қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммунизация жүргізілмек.
Иммундау мына контингенттерге жүргізіледі.
- 6 айдан бастап 10 айлық балаларға
- 2 жастан бастап 4 жастағы балаларға
- Қызылшаға қарсы егілмеген медицина қызметкерлері;
Екпе тегін жүргізіледі, сондықтан әрбір ата-ана баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қызылшаға қарсы екпе алуға кеңес береміз!
Т.Сермаңизов,
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы