«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі»
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес олардың моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтар стандарттары белгіленген.
Осыған байланысты, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында ағымдағы жылға Әдеп Кодексі талаптарының сақтауы, құқықбұзушылықтың алдын алуына бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілген. Онда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарының сақталуына жүйелік бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, шектеулері және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі нормаларын сақтау жайлы және еңбек, орындаушылық тәртіптерін сақтау мәселелер, қызметшілердің жауаптылығы, мінез-құлқының жалпы стандарттары әрбір мемлекеттік қызметкердің қай кезде болмасын жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтаулары бойынша атқарылатын іс-шаралар қаралған.
Сонымен қатар, басқарма басшысының жеке қабылдау жұмыстарының қорытындысымен басқарма қызметкерлерімен Әділет органдарына қатысты мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізіліп тұрады.
«ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарына сәйкес басқарманың барлық қызметкерлеріне мүдделер қақтығысының қағидалары мен талаптары жазбаша нысанда таныстырылды және басшылық тарапынан үнемі бақылауда. Басқармада жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау, олардың оң шешімін табуы тиісті заңдылықтарға сәйкес жолға қойылған. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқарма басшылығына кедергісіз жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында басқарма басшысы мен орынбасарының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілді және «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау жәшігі жұртшылыққа қолжетімді, басқармаға кіре-беріс жерге орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі туралы стенді әзірленіп, басқармада көпшілікке көрінетін жерге ілінген.
Аталған Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Басқарма қызметкерлері арасында басқармада жүргізілетін жұмыстардың заң аясында толыққанды жүргізілуі, жаңадан түскен нормативті құқықтық актілердің зерделеніп, ұжымда оның дұрыс, сауатты пайдалануы, түрлі деңгейдегі арыз-шағымдар бойынша заң аясында сапалы мәлімет беруін талап етеді. Жұмыс барысында және жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетімізбен мінез құлығымызға жауапты екендігімізді, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтауымыз қажет. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына, әлеуметтік және құқықтық қорғалуға, өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге, лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға, басшыдан мемлекеттiк қызметшi атқарып отырған мемлекеттік лауазымға сәйкес мiндеттерді және лауазымдық өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап беруді талап етуге, жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына құқылы екендігімізді көрсетеді.
Д.Махамбетаминова,
Әл-Фараби СЭББ бөлім басшысы