Дерматомикоздар дегеніміз не?
Дерматомикоздар – тері саңырауқұлақ қоздырғышы арқылы туындайтын инфекциялық ауру болып табылады. Бұл негізінен тері және оның қосалқыларын, яғни шаш, тырнақты, сирек жағдайда басқа ағзалар мен тінді зақымдайды.
Тері саңырауқұлақтардың негізгі қоректену ортасы -адам мен жануар. Олар өмірге қажетті қоректену заттарын- эпидермис, шаш, тырнақ, және тер- майдан табады. Саңырауқұлақтар адам немесе жануардың ағзасынан тыс жерде өмір сүру қабілеттілігін және жұғымтал қасиетін бірнеше жылдар бойы сақтай алады, сол себептен жұғу тек қана ауру адамнан емес, сонымен қатар тікелей емес жолмен құрамында саңырауқұлақ элементі бар- қабыршақпен, тырнақ қалдықтары немесе шаш сынықтарымен тұрмыстық жағдайда жұғуы мүмкін.
Трихофития (лишай, таз аурулары)- адам үшін өте қауіпті ауру болып саналады. Инфекция көзі- ауру адам және үй жануарлары (ірі қара мал). Трихофитон туындысы саңырауқұлақпен шақырылып, адамның терісін, бастың шашты бөлігін және тырнақ пластинкасын зақымдайды. Ауру жануарды кутумен және ауру адаммен тікелей қатынаста немесе киім, тұрмыстық заттар (бас киім, жүнді жаға, тарақтар, төсек жабындысы, ойыншықтар) арқылы жұғады.
Сонымен қоса зарарланған жануардың (қабыршақ, шаш, жүн және шөпте, топырақта, астауындағы қалған қалдық) заттары арқылы жұғады. Бұдан басқа шаштаразда-шаш қысқартқанда, сақал қырғанда, тырнаққа маникюр жасағанда жұғуы мүмкін. Негізгі клиникалық көріністері: бастапқыда тек бастың шашты бөлігінде, бір, кейіннен көптеген d 1-2 см-дей айқын емес ,шекарасы анықталмаған оқшауланған , бір-бірімен қосылмаған ошақтармен көрінеді. Ошақ аймағындағы тері аздап ісінген, қызғылт түсті , беті ақшыл-сұр түсті қабыршақпен қоршалған ,сонымен қоса көпіршік, іріңді бөртпе және шеткерлі қабыршықтануымен көрінуі мүмкін. Шаш тері беткейінен немесе түбінен 2-3 мм деңгейінде сынады.
Жазық тері өздігімен оқшаулануы немесе қосымша бастың шаш бөлігімен бірге зақымдануы мүмкін. Ошақ терінің ашық аймақтарында, яғни бет,мойын, дене, білек бөлімінде орналасады. Бір немесе бірнеше ісінген , аздап тері бетінен көтерілген, ашық-қызыл түсті, дұрыс шеңберлі, шекарасы анық дақтардың бетінде құрғақтанған қабыршық және ұсақ көпіршіктер пайда болады. Ошақтың жазылуы орталықтан басталып, сақина түрді құрайды.
Инфекция көзі- ауру адам, «тері теріге» принципі бойынша жыныстық қатынас арқылы да жұғады.
Егер сіз осы аурудың симптомдарына күдіктенсеңіз, онда мына шараларды орындау қажет:
1. Сау адамдарды, аурудан (баланы балабақшаға, не мектепке баруды тоқтату) оқшаулау керек, себебі қоршаған ортаға өте жұқпалы ауру болып табылады.
2. Дененің басқа бөлімдері зақымданбауы үшін, ошақты сулауға, ванна не
душ қабылдауға болмайды.
3. Өздігімен ошақты (әртүрлі маймен, кремдермен немесе басқада заттармен жағуға) емдеуге болмайды, себебі микроскопиялық анализде (саңырауқұлақшаға қырнау) дұрыс талдау бермейді. Егерде өздігімен емделген жағдайда, майды немесе кремді сабынмен жуып, не спиртпен сүртіп, алдыңғы 3-4 күн ішінде ошақты суламай, ештеңе жақпай, бірден дерматолог-дәрігеріне, мүмкіндігінше аурумен қарым- қатынаста болған адамдарды қарауға алып келу керек.
Медициналық көмекке дер кезінде қаралмауы және өздігімен емделу аурудың асқынуына әкелуі мүмкін!
Т.Сермаңизов,
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы