Медициналық қалдықтар туралы не білеміз?

Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау объектісі басшысының бұйрығымен осы Санитариялық қағидалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жауапты тұлға тағайындалады. 

Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластик сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер пайдаланылады. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластик сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылады. 

Қалдықтардың әрбір сыныбын жинау үшін қаптардың, пакеттердің, сыйымдылықтардың түсі әртүрлі болады: 

1) "А" сыныбы қалдықтары - қара; 

2) "Б" сыныбы - сары; 

3) "В" сыныбы - қызыл; 

4) "Г" сыныбы - ақ. 

"А" сыныбы медициналық қалдықтарын жинауға мынадай талаптар қойылады: 

- жинау көп рет қолданылатын сыйымдылықтарда немесе бір рет қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады; 

"Б" және "В" сыныптары медициналық қалдықтарын жинауға мынадай талаптар қойылады: 

- түсі сары немесе сары түсті таңбалауы бар бір рет қолданылатын жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты тесілмейтін қаптамаға  жиналады. 

- шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және суға төзімді ЖҚКЖК-ға жиналады; 

- инелерді бөлуге арналған арнайы құрылғылар (ине шешкіш, ине бұзғыш, ине кескіш және басқалары) болған кезде пайдаланылған инесіз шприцтерді арнайы қондырғыларда зарарсыздандырылатын "Б" сыныбының басқа да медициналық қалдықтарымен бірге бір рет қолданылатын жұмсақ пакеттерге жиналады; 

- "Б" сыныбының органикалық, сұйық медициналық қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар суға төзімді контейнерлер пайдаланылады; 

ЖҚКЖК көлемінің төрттен үш бөлігінен асырылмай толтырылады. ЖҚКЖК толтырылғаннан кейін қақпақпен тығыз жабылады және үш тәуліктен асырмай, бөлімшенің атауы, күні және қалдықтарды жинауға жауапты адамның тегі, аты және әкесінің аты "Медициналық қалдықтар. "Б" немесе "В" сыныбы" деген тиісті жазулармен таңбаланып  сақталатын медициналық қалдықтарды сақтауға арналған үй-жайға жіберіледі. "Б" және "В" сыныбының медициналық қалдықтарын денсаулық сақтау ұйымының аумағында мамандандырылған қондырғыдан тыс өртеуге тыйым салынады. 

- "Г" сыныбы медициналық қалдықтары бөлімшенің атауы, күні және қалдықтарды жинауға жауапты адамның Т.А.Ә. көрсетілген "Медициналық қалдықтар. "Г" сыныбы" деген тиісті жазуы бар таңбаланған сыйымдылықтарға жиналады. 

-"Д" сыныбының радиоактивті медициналық қалдықтарымен жұмыс істеу нормалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

"Б", "В", "Г" сыныптарының медициналық қалдықтарын сақтау үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде механикалық іске қосылатын сыртқа тарту желдеткішпен, биологиялық қалдықтарды (бар болған жағдайда) сақтауға арналған тоңазыту жабдығымен, стеллаждармен, таразылармен, медициналық қалдықтары бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, ыстық және суық су өткізілген раковинамен, ауаны зарарсыздандыруға арналған қондырғылармен, қолға арналған антисептиктермен жабдықталған жеке үй-жай бөлме бөлінеді. Медициналық ұйымның жауапты тұлғасы осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда пайда болған медициналық қалдықтарды күн сайын есепке алуды жүргізеді. Персонал санитариялық киім мен ЖҚҚ жиынтықтарымен (халаттар, комбинезондар, қолғаптар, бетперделер, респираторлар, арнайы аяқ киім, алжапқыштар, жеңқаптар) қамтамасыз етіледі.

Ж.Н.Сарсекулова,

Шымкент қаласы Тұран ауданы 

СЭББ  бас маманы