Қауіпсіз ойыншықтар
Ойыншықтардың қауіпсіздігі - бұл өте маңызды мәселе. Қазақстанда барлық ойыншықтар сертификатталуға жатады. Егер сертификаты болмаса, бұл ойыншық елге заңсыз түрде әкелінгендігін білдіреді.
Ойыншық сатып аларда гигиена туралы ойлауымыз қажет. Егер ойыншықты сүртуге немесе жууға болмайтын болса, онда ол таяу уақытта микроб жинайтын затқа айналады. Гигиеналық процедуралар жасауға болатын ойыншықты сатып алған соң, оларды тұрақты түрде жасап тұруды ұмытпаңыз. Ойыншық сынып қалмайтындай, тіптен уатылып қалмайтындай болуы керек, кері жағдайда ол жарақат алуға әкеледі. Сондықтан, бұйымның мықтылығына назар аудару қажет. Жұмсақ ойыншықтардағы көз, түйме және сол сияқты ұсақ детальдар, бала оларды оңай жұлып алмайтындай жапсырылуы тиіс. Себебі, бәрінен бұрын сәбилер оларды ауызға салғанға бейім тұрады. Тағы бір өте маңызды мәселе, ойыншықтың сыртындағы бояуы зиянсыз болуы тиіс. Бояудың құрамында уытты компоненттердің болуы, жағымсыз, өткір иістердің болуымен білінеді. Сондықтанда ойыншықты аларда оны иіскеп көрген артық болмайды.
Ойыншықтың конструкциясы да қауіпсіз болуы тиіс. Кішкентай балаларға ұсақ детальдары бар немесе оңай бөлінетін бөлшектері бар ойыншықтар сатып алмаңыздар. Ұсақ ойыншықтар немесе олардың детальдары бала өміріне елеулі қауіп төндіреді. Себебі бала оларды жұтып қоюы мүмкін , әсіресе егер онда магниттік элементтер бар болса. Ойыншық таңдаған кезде тек қана оның сыртқы түріне емес, ол қаншалықты қатты дыбыс шығаратынына да назар аудару қажет. Қатты дыбыстар теріс әсерлі және есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.
Ойыншық сатып аларда міндетті түрде сәйкестік сертификатын талап етіңіз. Баланың немен ойнап жүргеніне мән беріп, ойыншық сапасына көніл бөлген дұрыс.
Г.Нұртаева,
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының
СЭББ техникалық регламенттердің
талаптарының сақталуын бақылау
бөлімінің бас маманы