Егудің маңыздылығы


Профилактикалық екпелер инфекциялық аурулардың алдын-алу және инфекциялық (бактериальды, вирустық) аурулардан өлім жағдайын төмендету мақсатында жүргізілетін тиімді әдіс. Жалпы инфекциялық аурулардан қорғау үшін алдын-ала егу инфекциялық ауруларға қарсы төзімділікті туындатып, біздің иммунды жүйемізді нығайтып, ауруларға қарсы қорғаныс факторлары (антиденелер) пайда болады. Ал бұл қорғаныс факторлары біздің ағзамызға сол инфекциямен ауырғанда немесе оған қарсы екпе жасатқанда пайда болады. Әртүрлі жұқпалармен ауырып, ағзамызда әртүрлі асқынуларға жол бергенше оған қарсы екпе алған тиімді.

Халыққа профилактикалық егуді жүргізу үшін елімізде тіркелген және қолдануға рұқсат берілген вакциналар пайдаланылады. ҚР да №612 қаулымен бекітілген егу жұмыстары Ұлттық күнтізбеге сай 11 жоспарлы егу, 9 жоспардан тыс профилактикалық екпелер жүргізіледі. Барлық екпелер егілетін адамнан немесе баланың ата-анасынан  вакцинация жүргізуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі

Жалпы вакциналардың сол қоздырғышқа (вирус немесе бактерия) қарсы әсер ететін екі түрі бар, өлі және белсенділігі төмендетілген вакциналар бар Бұл вакциналар аурудың пайда болуына және әртүрлі асқынуларға жол бермеуге әсерін тигізеді. Вакциналардың көбісі инъекция түрінде және пероральды, яғни ауыз арқылы жүргізіледі. 

Өмірінің алғашқы 12 сағатында нәрестеге бауырдың зақымдауымен жүретін «В» вирусты гепатиттің алдын-алу мақсатында ВГВ- вирусты гепатитке қарсы моновакцина жүргізіледі.

БЦЖ-туберкулезге қарсы вакцина, 0-4 күні жүргізіледі. БЦЖ вакцинасы туберкулездің ауыр түрлерінен қорғай алады. 

2 айынан бастап 4 айға дейін аралас гекса , пента вакциналарымен көкжөтел, дифтерия, сіреспеге , полиомиелитке, гемофильді инфекцияға, «В» вирусты гепатитке және пневмококкқа қарсы екпе жасалады.

12-15 айларында полиомиелитке қарсы (ОПВ ауыз арқылы), пневмонияға, қызылша, қызамық, паротитке қарсы ревакцинация жалғасады.

18 айында -гемофильді инфекцияға, вирусты гепатитке, көкжөтел, дифтерия, сіреспеге, полиомиелитке қарсы (АКДС, ХИБ, ИПВ, ВГВ)

Өз балаларына егуден бас тартатын Ата ананың НАЗАРЫНА!

Егуден бас тартпас бұрын емдеу мекемесінің қызметкерлерінен егудің маңыздылығы, егуден бас тартқан жағдайда, оның салдары неге әкеліп соғатынын біліп, толық ақпарат алғаныңыз дұрыс. Екпе тек жеке адамда ғана қорғаныс түзілмейді, екпенің нәтижесінде ұжымдық иммунитет пайда болады. Ал ұжымдық иммунитет жұқпалы аурулардың таралуының алдын-алуда маңызы күшті екенін түсіну қажет. 

Елімізде  екпелердің нәтижесінде  полиомиелит ауруынан азат ел болсақ, соңғы бірнеше жыл ішінде балалар арасында гепатиттер, көкжөтел,  қызамық, паротит аурулары аздап тіркелуде.  Мысалы, көптеген инфекцияларда асқынулар болуы мүмкін, атап айтқанда  эпидемиялық паротит - менингит, панкреатит, орхит (аналық бездің қабынуы) сияқты ауруларды тудыруы мүмкін, оларға еркекте бедеуліктің барлық жағдайларының төрттен бір бөлігі себеп болады. Сондай-ақ, балаларда оңай өтетін қызамық энцефалиттің себебі болып табылады. Жүкті әйелдің (алғашқы 3 айында) қызамық ауруы ең қауіпті: бала туа біткен қызамық синдромымен туылуы мүмкін, яғни туа біткен жүрек ақаулары, орталық жүйке жүйесі, сезім мүшелері болуы мүмкін.Ал полиомиелит ауруында бала мүгедек болып қалуы әбден мүмкін.

Вирусты гепатитте бауыр зақымдалып, циррозға немесе қатерлі ісікке алып келеді. Ал цирроз бен қатерлі ісік, білесіздер, өлімге әкелуі мүмкін.

Балаларыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыздар.

Өз уақытында жүргзілген вакцинация-біздің қоғамдағы қорғаныс құралымыз.

К.Адырбаева,

Шымкент қаласы Абай ауданы СЭББ басшысы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Егудің маңыздылығы