Вирусты гепатиттер – гепатотропты вирустармен шақырылатын (А, В, С, D, E, G және, мүмкін, басқа да), жұқтыру механизмінің әртүрлігімен және жалпы токсикалық, диспепсиялық пен гепатолиенальды синдромдарының дамуымен, бауыр қызметінің бұзылуымен, жиі сарғаюмен бірге жүретін, гепатобилиарлы жүйенің зақымдалуымен сипатталатын әртүрлі этиологиялық антропонозды аурулар тобы. Механизмі мен берілу жолы бойынша вирусты гепатиттер екі топқа бөлінеді: фекальды-оральды механизмді – А және Е вирусты гепатиттер; және гемоперкутанды механизмді парентеральды В, С, D гепатиттер.
Вирусты гепатит В
Этиологиясы. Қоздырғыш – гепатит В вирусы, бауыр клеткаларын зақымдайтын құрамында ДНҚ бар гепадновирустар тұқымдасына жатады. ВГВ мутациялық өзгергіштікке ие.Вирус әртүрлі физикалық және химиялық факторларға: төмен және жоғары температура, ультракүлгін сәулелер, қышқыл орта әсеріне аса жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Қайнатқанда, автоклавта (1200С-та 45 минут ішінде), ыстық бумен стерилизацияда (1800С-та 60 мин кейін), дезинфектанттар әсерінен жойылады.Эпидемиологиясы. Вирусты гепатит В негізгі инфекция көзі аурудың симптомсыз және клиникалық айқын жедел және созылмалы формасындағы науқастар, сонымен қатар бауыр циррозы бар адамдар болып табылады. Вирус қанда және әртүрлі биосубстраттарда – сілекей, зәр, сперма, қынаптық бөліністерде, т.б. кездеседі. Бірақ вирусты гепатит В-ң созылмалы ағымы бар науқастар эпидемиологиялық маңызға ие. Инфекцияның негізгі таралу механизмі – гемоперкутантты (қанқатынастық). Таралу жолы табиғи және жасанды болуы мүмкін. Табиғи жолдарына жатады: 1) жыныстық – жыныстық қатынас кезінде, әсіресе гомосексуалистерде; 2) вертикалды – анасына (симптомсыз немесе манифестті инфекциямен) баласына, жұқтыру көбінесе босану кезінде болады. 3) ұстара, тіс щеткасы, жөке, т.б. арқылы тұрмыстық парентералды инфицирлену. Жасанды таралу жолдары – парентералды – вирустың емдік-диагностикалық манипуляциялар (инъекция, операция, қан және оның препараттарының трансфузиясы, эндоскопия) кезінде зақымдалған тері, шырышты қабаттар арқылы енгенде жүзеге асады.
Клиникасы. Гепатит В көптүрлі клиникалық формаларына ие. Олар бауыр клеткасында өтетін вирусты үрдістерге – интеграция мен репликацияға байланысты.
Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа ауыр, ауыр дәрежесі. Асқынуы: жедел бауыр жетіспеушілігі – бауырлық энцефалопатия , ілескен инфекция (өт жолдарының қабынуы, пневмония, ішек флегмонасы, сепсис, т.б.).
Нәтижесі: сауығу толық немесе қалдық көріністермен, өлім.
Симптомсыз формасының инаппаратты және субклиникалық түрлері ошақта иммуно-биохимиялық және скрининг зерттеудің кезінде анықталады. Екі түрі де аурудың клиникалық көріністерінің болмауымен сипатталады.
Аурудың мынадай кезеңдерін ажыратады: инкубациялық, сарғаю алды (продромалды), сарғаю және реконвалесценция.Инкубациялық кезең ұзақтығы – 6 аптадан 6 айға дейін. Сарғаю алды кезеңі орташа 4-10 күн, сирек – қысқарады немесе 3-4 аптаға дейін ұзарады.Сарғаю алды кезеңінің соңында бауыр мен көкбауыр ұлғаяды, холестаз белгілері пайда болады – қышу, зәр күңгірт түсті, ахолиялық нәжіс.Сарғаю кезеңінің ұзақтығы – 2-6 апта, бірнеше күннен бірнеше айларға дейін ауытқумен. Алдымен склера, қатты таңдай шырышты қабаты кейін тері сарғаяды. Интоксикация белгілері айқын: әлсіздік, ашуланшақтық, бас ауруы, беткей ұйқы, тәбет төмендеуі анорексияға дейін (ауыр дәрежесінде), жүрек айну, кейде құсу, тері қышуы, оң жақ қабырғаасты аймағында ауырлық сезімі мазалайды, әсіресе тамақтан соң. Сарғаю жоғалғаннан кейін бауырдың оң жақ бөлігінің ұлғаюы, тығыз консистенциясы, шетінің өткірленуі аурудың созылмалы түріне ауысуын көрсетеді. Реконвалесценция кезеңінде (2-12 ай) симптомдар жоғалады, астеновегетативті синдром, оң жақ қабырға астында жайсыздық сезімі ұзақ сақталады. Диагностикасы. Гепатит В анықтауда эпидемиологиялық анамнез (парентералды кірісулер, науқаспен қатынаста болу, инкубация мерзімі сай уақытта тамыр ішілік есірткілер қабылдау), клиникалық зерттеу (аурудың циклды ағымы және клиникалық-биохимиялық синдром) мәліметтері өте маңызды. Арнайы зерттеу тәсілдеріне – гепатит В маркерлерін анықтауға ерекше назар аудару керек.
Емі. Науқастар инфекционды стационарға жатқызылады. Гепатит В негізгі емі қозғалысты шектеу және диеталық (№5) тәртіп.Стационардан шыққаннан кейін реконвалесценттер 6-12 айға диспансерлік бақылауға алынад00ы, қажет болғанда одан да көп уақытқа. 10-14% науқастарда созылмалы гепатит В қалыптасады.Профилактика. Гепатит В алдын алу табиғи және жасанды тарау жолдарын үзуге бағытталған. Гепатит В табиғи тарау жолдарын шектеу үшін ағарту жұмыстары, қауіпті жыныстық қатынасты насихаттау, тұрғындардың санитарлық білімін арттыру жүргізіледі. Ошақта эпидемияға қарсы шараларға қатынаста болған адамдарды бақылау, оларды гепатит В маркерлеріне зерттеу және вакцинациялау жатады. Жасанды тарау жолдарын шектеу мақсатында қан, сонымен қатар әртүрлі ағзалардың, сперма донорларын қатаң бақылау. Қан және оның препараттары ВГВ-ға тексерілуі керек. Диагностика және емдеуде қолданылатын барлық медициналық құралдарды, аппаратураны зарасыздандыру өте маңызды.Дегенмен, ВГВ-инфекция кезінде эпидемиялық үрдісті вакцнация көмегімен реттеуге болады. Вакцинацияға ВГВ-мен инфицирленген анасынан туған нәрестелер, парентералды кірісулерді, қан құюды қажет ететін созылмалы аурулары бар науқастар кіреді. Медициналық қызметкерлерге де вакцинация жүргізіледі.
Вирусты гепатит D
Этиология. Вирусты гепатит D (дельта-вирус, НДV) -30-37 нм мөлшерлі сфералы бөлшектерді құрайды, РНК-сы бар, ішкі антиген – НДАg, сыртқы – беткей антиген ВГВ – НВsАg. Эпидемиология. Инфекция көзі инфекцияның жедел және созылмалы формаларымен ауыратын адамдар, манифестті, сондай-ақ субклиникалық формада кездеседі. Механизм мен таралу жолдары, ГВ сияқты. Клиника. Гепатит Д тек ВГВ-мен инфицирленгендер адамдарда кездеседі, ол жедел коинфекция мен суперинфекция ретінде өтеді. Коинфкция кезінде инкубациялық периоды – ВГВ және ВГД –н бір уақытта зақымдалуда 40-н 200 күнді құрайды. Суперинфекция кезінде жедел гепатит Д созылмалы ВГВ – инфекциямен қабаттасып жүруі кезінде (манифест пен субклиникалық) инкубациялық кезең қысқарады және 1-2 айды құрайды. Диагностика. Жедел коинфекция ВГВ/ВГД науқаста маркерлердің белсенді репликациясында ВГВ:НвsAg, НвеAg, НВV-DNA, IgM анти-HBc, және ВГD:HDVAg, IgM анти-HDV, HDV-RNA.Аурудың алғашқы 2 аптасында ауру қанында HDVAg және HDV-RNA анықталады. Аурудың 10-15-ші күні IgM анти-HDV, ал 5-9 аптадан –IgG- анти-HDV. ВГД жедел суперинфекция кезінде IgM анти-HDV жоқ болып ВГD:HDV-RNA және IgM анти-HDV репродукция маркерлері анықталады.
Емі. ГВ кезінде қолданылатын емдік шаралар комплексі қолданылады.
Профилактика. ГВ алдын алу шараларынан ерекшеленбейді. ГВ кезінде қолданылатын вакцина ГД кезінде де қолданылады.
Г.ТУЛКИБАЕВА
Тұран ауданы СЭББ бас маманы