Тұмауға қарсы вакцинация – ең тиімді қорғаныс


Тұмауға қарсы екпе жасау – тұмаудың алдын алудағы анағұрлым тиімді әдіс болып табылады. Егер уақытылы екпе жасалса, тұмау вирусын жұқтырғанның өзінде, аурудың ауыр ағымын, сондай-ақ, кейінгі асқынуларын болдырмауға мүмкіндік туады.

Тұмауға қарсы вакцинацияны ауыр асқынулардың даму қаупі бар адамдарға алу маңызды. Мысалы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғындардың келесі топтары арасында: созылмалы өкпе, жүрек-тамыр аурулары, жүрек кемістігімен сырқаттанған балалар және жабық мекемелерде (балалар үйлері, мектеп-интернаттар) жиі сырқаттанатын және әлсіз балалар, қарттар үйіндегі адамдар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер арасында тұмауға қарсы екпе жүргізілуде. Сондай-ақ, азаматтарға ақылы негізде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен екпе жасау қарастырылған.

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымының басталуына байланысты келесі сақтық шараларын сақтау ұсынылады:

- науқас адамдармен байланысты шектеуді;

- адамдар көп жиналатын орындарға баруды, әсіресе жабық үй – жайларда өтетін ісшараларға баруды шектеуді;

- жеке қорғаныс құралдарын падалануды;

- бөлмені үнемі желдеіп отыруды;

- тұмауға қарсы екпе алуды.

Есіңізде болсын, иммундау тұмау инфекциясының алдын алып қана қоймай, сонымен қатар, сырқаттанушылықтың ауыр ағымы мен асқынулардың ықтималдығын азайтады.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген абзал!

М.Сейдалиева, 

Тұран ауданы СЭББ бас маманы