Қорқордың адам ағзасына тигізер зияны мен қауіпі


Қазіргі кезде көпшілігіміз қорқорды зиянсыз ермек деп санаймыз. Қорқордың денсаулыққа зияны жоқ,ал сулы сүзгіші түтіннің токсиндерін тазартады деп алданбау керек! Қорқор – улардың, қара майдың, канцерогендер мен бактериялардың өте зиянды қоспаларын адам ағзасына тез жеткізілетін «сәнді» аппарат. Қорқор түтінінің улылығы сигарет түтінінен бірнеше есе жоғары,оның құрамында қара май мөлшері 36 есеге, көмір тек монототығы-30 улы иісті газ-8,4 есе, никотин-7,5 есе жоғары. Британия дәрігерлері қорқордың бір порциясын шегілген 100 сигаретке теңестірген.

-Темекінің кез-келгенін, оның ішінде қорқорға арналғанында да никотин болады. Қорқордың бір толтырымында 6,25 мг, сигаретте -0,8мг никотин болады. Қорқор тартуды енді бастағандарда да никотинге тәуелсіздікке душар болады.

-Қорқор тартатын адам сигарет шегетінге қарағанда 14 есе көп түтінді иіскеп, бойына сініреді. Әрі осы кезде улы иісті газдың көп мөлшері өкпесіне сіңіреді.

-Қорқорға арналған шегу қоспаларының қалай әзірленетінін көбінесе ешкім тексермейді. Оған есірткі қосатын жағдайлар да орын алады, бұл қорқордың зияныды әсерін күшейте түседі.

-Қорқордағы көмір 600-650 градусқа дейін қызады, ал түтінмен бірге қорқор таратушының өкпесіне никотинмен қатар бензапирен өкпе обырын туындататын және ДНК мутацияына төзімді,тұқым қуалаушылықтпен берілуге икемді канцероген сияқты қауіпті заттар да сіңіріледі.

-Қорқор түтіні қорқор таратушының қанына канцерогендер /обырды туындататын заттар/ мен өкпе тінін зақымдайтын ұшпалы альдегидттерді тікелей «жеткізеді» Сигарет түтінімен салыстырғанда қорқор түтінінің құрамында пиреннің 75,6 есе және ди-бензоантрацидтің 245 есе жоғары екені анықталған.

-Улылығының жоғары болуына байланысты қорқор таратушылардың өкпе обырымен сырқаттану қауіпі 2 есе, жүрек қантамыр ауруларымен сырқаттану каупі 2,2 есе, респираторлық аурулар мен риниттер 2,3 есе, альвеолит 3,7 есе, ерлердің белсіздігі 2,5 есе, остеопороз бен ауыз қуысы патологиясы 3-5 есе жоғары болады

-Пассивті темекі шегу қорқор үшін де өзекті. Қорқор тартылатын бөлмеде темекі түтіні мен жанған көмірдің түтіні тұнып тұрады, бұл топтағы темекі шекпейтін акдамдарға қосымша зиян келтіреді. Қорқор тартылатын бөлменің ішінде болу 100-ден 200-ге дейін шегілген сигареттің зиянына бара-бар болады.

-Қорқор сұйығында ауыз қуысының инфекциялық ауруларын-гингивиттер, пародонтоз бен ойық жараларды туындататын бактериялар жиналады.Бірреттік түтікшелер құтқармайды, өйткені бактериялар қорқордың түтігінде де, қуысында «тіршілік етеді». Қорқорды тарту кезінде түтікшені бір-біріне ұсыну дәстүрі «А»гепатит, туберкулез, ұшық сияқты инфекциялар мен басқа да вирустық аурулардың таралуына ықпал етеді. Қорқордың зияны мұндай жағдайларда аса қауіпті болады.

А.Батырбекова,

Әл-Фараби ауданы СЭББ бөлімінің басшысы