Косметология кабинеттерінде инфекциялардың алдын алу
Мезотерапия, блефаропластика және т.б. сияқты қазіргі заманғы косметикалық процедуралар терімен байланысты эстетикалық проблемалардың көпшілігін шеше алады. Бірақ аталған процедуралар кезінде инфекциялық асқынулар туындауы мүмкін.
Мұның бәрі косметологтың жауапкершілігіне және клиенттің хабардар болуына байланысты.
Инфекциялық асқынулардың негізгі факторлары
Косметикалық процедуралар салдарынан терінің кез келген жерінің зақымдануынан бактериялық, вирустық жұқтыру қаупін тудырады.
Әдетте, жұқтырғаннан кейін алғашқы күндері бөртпелер терінің зақымданған жерлерінде пайда болады. Бөртпелерден басқа, жіті процеске безгек, қызба және жергілікті температура (терідегі қабыну орындарында), дене қызуының көтерілуімен ауыру және қызба түріндегі жалпы симптомдар да тән.
Инфекциялық асқынулар косметолог және клиенттің асептика және антисептика ережелерін сақтамаған кезде пайда болады.
Косметология кабинеттерінде терінің зақымдануына байланысты инфекциялардың алдын алу:
- қазіргі заманғы дезинфекциялық құралдарды қолдану;
- косметологиялық процедураларда қолданылатын аспаптарды адал әрі тиімді дезинфекцияланып, стерильденуі тиіс;
- бір рет қолданылатын зарарсыздандырылған аспаптарды қолдану қажет;
-косметологтардың және клиенттің қолын өңдеуге арналған өнiмнiң жеткiлiктi мөлшерiнің болуы керек.
Косметологтың біліктілігі, жауапкершілігі және клиенттің хабардар болуы ғана косметикалық процедураларға барғаннан кейін қажетсіз асқынулардың алдын алуға болады.
А.Темірхан,
Әл-Фараби ауданы СЭББ бөлімі басшысы