Сұраңыз жауап береміз, кеңес алыңыз

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті қала тұрғындары!
Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2025 жылғы 28 қазанда сағат 10-ден 12-ге дейін Ашық есік күнін өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – халыққа санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, қоғамдық денсаулықты сақтау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, жеке және қоғамдық гигиена мәселелері бойынша кеңес беру, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері немесе әдеп нормаларын бұзуы жөнінде өзекті сұрақтарға жауап беру.
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Д.Қонаев көшесі 27 үй.
Байланыс нөмірі: 8 7252 28-28-71 немесе 21-24-49
Барлық сұрақтарыңыз бойынша тікелей мамандардан кеңес алуға шақырамыз!
Халық денсаулығы – басты назарда!
Келіңіздер, сұрақ қойыңыздар, жауап алыңыздар!
Шымкент қаласының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
