Біркөлік шатқалдары шақырады!

image.png

Жаз жетіп, еңбек демалысының маусымы басталды. Қаланың қым-қуыт тіршіліген шаршаған жұрт бір ауық таза ауа жұтып, бой сергітіп, қоршаған орта кереметін көзбен көрмекке табиғат аясына демалысқа шығуды жоспарлайды. Отбасымен, дос-жаран, туған-туыстарымен бас қосып, жасыл-желекті, бұлағы мол, өзені сарқыраған, салқын самал желі ескен мекендерге сауық құрады. Дәл осындай мекенді іздесеңіз Біркөлік шатқалының баурайында орналасқан «Нұр-Тау» демалыс аймағына келіңіз. Себебі мұнда бассейннен бастап бильярд, балалар ойын алаңшасына дейін  салынған.  Демалушылардың көңілінен шығып жүрген бұл кешенде керемет демалыс үшін барлық жағдай жасалан. 

Төлеби ауданында қазіргі таңда глэмпинге лайықталған демалыс кешендері қарқынды жұмыс істеуде. Әсіресе, талайдың таңдайын қақтырған «Біркөлік шатқалында» мұндай орындардың көбейіп отырғандығы қуантады. Себебі туристік нысандардың көбеюі бәсекелестік қабілеттілікті арттыра түседі. Ал бәсеке бар жерде сапаның болатыны сөзсіз. «Нұр-Тау» демалыс аймағының қонақтары үшін  сол маңайдың әсем табиғатын тамашалап, атпен, жаяу серуендеу мүмкіндігі қарастырылған. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Біркөлік шатқалдары шақырады!