Медицина бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Screenshot_2.jpg

Медицина бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап. 

«2020 жылы физиология мен медицинадан Нобель сыйлығы вирусологтар - Харви Алтер, Майкл Хоутон және Чарльз Райсқа тағайындалды. Нобель комитетінің хабарлауынша, олар С гепатитімен күресте шешуші рөл атқарған. Яғни, 1989 жылы олар бұл вирустың РНҚ-сы арқылы оның А және В гепатитіне жатпайтын, бірақ соған ұқсас ауруды тудыратынын анықтаған. Вирусты ашу инфекцияны анықтайтын тест жүйесы мен дәрі жасауға мүмкіндік берді, миллиондаған адамның өмірін аман алып қалдық«, - делінген сыйлықты тағайындау туралы мәлімдемеде. Еске сала кетсек, биыл Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. Салтанатты рәсім Стокгольм мэриясынан трансляцияланады. Оған түрлі елдер қосылады. Бұған дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтетін. Марапаттар жеңімпаздарға елшілік пен университет өкілдері арқылы табысталады.